21.Гестациялық пиелонефритте таңдалған дәрілік препараттарды атаңыз:
A. Цефалоспориндер;
B.Сульфаниламидтер;
C.Тетрациклиндер;
D.Триметоприм;
E. Аминогликозидтер.
22.Жүкті әйелдерге әйелдер кеңесінде қандай көмек көрсетеді?
A. Диспансерлік бақылау;
B.Мекемелердегі профилактикалық қараулар;
C.Жыл сайынға скринингті қараулар;
D. Әйелдер кеңесіне қаралған науқасқа медициналық көмек көрсету;
E.Патронажбен.
23.Бастапқы әйелдер кеңесі қандай көмек көрсетудің бірінші кезеңі болып табылады?
A. Әйелдерге маманданған көмек көрсетудің;
B.Бала туа алатын жастағы әйелдерге медициналық көмектесудің;
C. Шұғыл медициналық көмектің;
D.Барлық тұрғындарға маманданған көмек көрсету;
E.Білікті шұғыл көмек көрсетудің.
24.Алғаш босанушы К., 22 жаста, жүктіліктің 40 апталық мерзімінде босану бөлімшесіне түсті, іштің төменгі жағының 4 сағат бойы толғақ тәрізді ауыруына шағымданады. Жамбас өлшемдері 25-28-31-21 см. Нәресте ұзына бойы орналасқан, басымен келген, басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 140 рет. Толғақ күші жақсы, әрбір 5-6 минутта 40-45 секундтан. Қынапты тексеру: жатыр мойны жазылған, жатыр ернеуі 3,5 см ашылған, шарана қабы бүтін. Басымен келген, басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Жебе тәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Мүйіске қол жетпейді. Нәрестенің орналасуын, позициясын, түрін, келуін анықтаңыз?
A.Нәресте ұзына бойы жатыр, I позиция, алдыңғы түр, баспен келген;
B.Нәресте ұзына бойы жатыр, II позиция, алдыңғы түр, баспен келген;
C.Нәресте ұзына бойы жатыр, II позиция, алдыңғы түр, жамбаспен келген;
D.Нәресте ұзына бойы жатыр, I позиция, артқы түр, баспен келген;
E.Нәресте ұзына бойы жатыр, II позиция, артқы түр, баспен келген.
25.Қынапты тексеруде: жатыр ернеуі толық ашылған, шарана қабы жоқ. Нәресте басы сегізкөздің бар ойығын және қасағалық буындасуды алып жатыр, шонданай қылқаны сезілмейді, құйымшақ білінеді. Жебе тәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Нәресте басының орналасуын анықтаңыз:
A. Кіші жамбас қуысының тар бөлігінде;
B. Үлкен сегментпен кіші жамбас кіреберісінде;
C.Кіші жамбас қуысының кең бөлігінде;
D.Жамбас түбінде;
E.Кіші жамбас кіреберісі үстінде.
26.Қайта босанушы М., 30 жаста, жүктіліктің 39 аптасында толғақ басталғаннан 5 сағат өткен соң және шарана маңы суы кеткеннен 2 сағат өткен соң босану бөлімшесіне түсті. Нәрестенің жамбаспен келгені анықталған. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 136 рет. Нәрестенің болжамды салмағы 3000,0+-200,0. Қынапты тексеру: жатыр мойны жазылған, шеттері жұқа, жатыр ернеуі 8 см-ге ашылған, шарана қабы жоқ. Бөксемен келген. Экзостоздар жоқ. Мүйіске қол жетпейді. Диагноз қойыңыз:
A. Жүктілік 39 апта. Нәрестенің тек бөксемен келуі. Босанудың I кезеңі. Шарана қабының босануға дейін жыртылуы.
B.Жүктілік 39 апта. Нәрестенің аралас келуі. Босанудың I кезеңі. Шарана қабының босануға дейін жыртылуы;
C. Жүктілік 39 апта. Босанудың I кезеңі. Жамбаспен келу. Шарана қабының босануға дейін мезгілінен бұрын жыртылуы;
D.Жүктілік 39 апта. Босанудың II кезеңі. Нәрестенің тек бөксемен келуі;
E. Жүктілік 39 апта. Жамбаспен келу. Шарана қабының босануға дейін мезгілінен бұрын жыртылуы. Толғақ өте күшті;
Достарыңызбен бөлісу: |