Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
№2-тапсырма: Тарихи жыр – Не туралы? Кейіпкерлері кімдер?
Батырлар жыры – тақырыбы не? Қалай аяқталады?
Лиро-эпостық жырлар – Қандай мәселе көтеріледі? Қалай басталады?
№3-тапсырма: Кенесары, наурызбай қырғыздың қай ісін кектеді?
Олар қандай асудан аспақшы болды?
Осы кезде қандай оқиға болды?
Бұл сапарда кім жеңіске жетті?