Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. берілген есептерін сипаттап көрсетеді.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.
|
|
1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
М нүктесі координаталар басынан N нүктесіне қарағанда 3 есе артық қашықтықта жатыр. Егер N(-3,4) болса, ОМ-ді табыңдар.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
1. ОМ-ді табады.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
Төбелерінің координаталары (-1,-2),(2,-5),(1,-2),(-2,1) болатын төртбұрыш параллелограмм болатынын дәлелдеп, оның диагоналдарының қиылысу нүктесінің кооординаталарын табыңдар.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Есеп мазмұнын түсінеді.
2. координаталарын табады
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|