(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Шығарма композициясы деген не?
2.Шығарма композициясына мысал келтіріңдер.
|
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
Мұғалім оқушыларға талқылауға арналған сұрақтар қояды. Кері байланыс орнатады. Өзара пікір алмасады.
|
Оқушылар талқылауға арналған сұрақтарға оқушылар жауап береді.
|
Дескриптор:
-Сұрақтарға жауап береді.
-Кері байланыс орнатады.
-Өзара пікір алмасады.
Жалпы-5 балл
|
ДК экраны
|
Топтық жұмыс
|
Шығарма композициясына мысал келтіріп, оқушыларға таныстырады.
|
Берілген тапсырмадағы шығарма композициясын дәптерлеріне ретімен жазып алады.
|
|