Сабақ сатысы
|
Сұрақтар мақсаты
|
Ашық сұрақтар тізбесі
|
Кіріспе
|
Байланыс орнату;
Сыныптың не білетінін анықтау; Бұрынғы жұмысты қайталау;
Сабақ тақырыбында жүретін проблемаларды белгілеу;
|
2-сыныпта өткен «Өмір-ай» өлеңінің авторы кім?
Мұқағали Мақатаев кім екенін білесің бе?
Оның қандай өлеңдерін білесің?
Мұқағали өлеңдерін жатқа білесің бе?
2-сыныпта оқыған Мұқағалидың отан туралы еске түсіріңдер.
|
Жаңа материалдың тұсаукесері
|
Қызығушылық және ілтипаттылық туғызу;
Талқылау және логикалық ойлауға ықпал ету;
Оқушылардың не болып жатқанын түсінгенін анықтау;
|
Отан деген кім?
Өз отаның туралы айтып бер
«Отан оттанда ыстық» дегенді қалай түсінесің?
Отан туралы қандай өлең шумақтарын білесің?
Өз отаның қазақстан туралы айтып бере аласың ба?
Өз отаныңды қалай құрметтейсің?
|
Қолдану
|
Назар аудару және түсіндіру;
Бақылаудың негізінде ойлы тұжырым жасауды уйрену;
Қиын сәттерді, түсінбеушіліктерді түсіндіру және жекелеген оқушыларға көмектесу;
|
«Қазақстан» сөзінің әрбір әріпіне сөз ойлап жазу.
«Өмір-ай» өлеңін мәнерлеп оқу
«Отан» туралы білетін мақал-мәтелдерді айту.
|
Қорытынды
|
Сабақтың негізгі сәттерін қайталау;
Сабақ нәтижесін бағалау және оқушылардың тақырыпты түсіну және меңгеру деңгейін анықтау;
Болашақтағы проблемалар мен тиісті сұрақтарды анықтау;
|
«Қазақстан» сөзінен қандай қасиетті сөздер шықты?
Сенің бойыңда сондай қасиеттер кездесе ме?
Өлең не туралы айтылған?
|