Сабақтың басы
5 мин.
Өткен сабақты тексеру
5мин.
Топпен жұмыс
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы "
Топқа бөлу:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Өткен сабақты тексеру
Сұрақтарға жауап беру
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз.
1. Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр дегеніміз не?
2.Перпендикулярдың табаны деген не?
3.Нүктеден жазықтыққа жүргізілген көлбеу дегеніміз не?
Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу.
Жаңа тақырыпты топқа бөлінген оқушыларға абзац арқылы оқытады. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс береді.
|
«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.
Әр топ өз міндеттерін орындайды. Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды, бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды.
|
Дескриптор:
-Өткен сабақтағы ережелерді қайталайды.
Жалпы балл-2
Дескриптор:
-Тақырыпты оқиды, топта талқылайды
- Флипчартқа түсіреді , топта қорғайды.
Жалпы балл-3
|
Қағаз қиындылары
Үлестірме
ДК экран Сұрақтар
Әр топқа флипчарт , маркер, түрлі түсті фломастер беріледі.
|
Сабақтың ортасы.
10 мин.
|
Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар:
1-тапсырма:
Α жазықтығына перпендикуляр АА¹ және ВВ¹ түзулері жазықтықты А¹, В¹ нүктелерінде қияды, ал АВ түзуі С нүктесінде қиып өтеді. Егер ׀АА¹ ׀=12см, ׀ ВВ¹׀= 4 см; ׀В¹С׀ =2см болса, онда А¹В¹қашықтығын табыңдар.
2-тапсырма:
А нүктесінен α жазықтығына АА¹ перпендикуляр және АВ көлбеу жүргізілген. ВА¹ көлбеудің проекциясы. Егер:|АВ ׀=5 см, ׀АА¹ ׀= 4 см болса, ׀ВА¹׀ -ді; ׀А А¹ ׀=8 дм, ׀ВА¹ ׀= 6 дм болса, ׀АВ׀ -ні; ׀АВ ׀=16 см, ׀ВА¹ ׀= 4 см болса, ׀АА¹ ׀ –ді табыңдар.
|
Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаларға оқушылар жауап жазады.
|
Дескриптор:
-Тапсырмаларды орындайды.
-Осы тапсырмаларға ұқсас сұрақтар қояды..
Жалпы балл -3
|
Слайд
Кітап
Дәптер
|