1-сабақ Сабақтың тақырыбы



бет28/36
Дата25.11.2022
өлшемі0,79 Mb.
#52580
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 2-тоқсан 10-сынып ЖМБ

Қысқамерзімді жоспар
10-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Тұманды альбион елінде», «Ел құрметінде», «Қиянатта»

Бөлім:

2-бөлім: Қазақтың Қанышы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Тұманды альбион елінде», «Ел құрметінде», «Қиянатта»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Көркем шығармадағы көтерілген мәселелерді анықтайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығын талқылайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.



Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Қаныш Сәтбаев деген кім?
2. Қ.Сәтбаев туралы не білесіңдер?
3. «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің түпкі мағынасы қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет