1. сабақ. тәрбиелік жұмыстар



Дата10.04.2022
өлшемі32,38 Kb.
#30526
Байланысты:
1. саба . т рбиелік ж мыстар


1. Математиканы оқыту әдістемесі деп -







1.

Қоғамның алға қойған мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдарын зерттейтін педагогиканың бір саласы.Есептерді шешудің әдістерін үйрететін пән.

0.

Педагогикалық құбылыстардың өзара байланыстары мен заңдылықтарын анықтау.

0.

Математикалық білім беретін, қоғаммен айналысатын педагогиканың бір саласы.

0.

Математиканы не үшін оқытамыз деген сұраққа жауап береді.

2. Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:

1. жалпы әдістеме, арнайы әдістеме, нақты әдістеме.

0. дидактикалық әдістеме. проблемалық әдіс, бағдарламалық әдіс.

0. тарихи – әдістеме, салыстырмалы – әдістеме, дидактикалық әдістеме.

0. эвристикалық әдіс, проблемалық әдіс, бағдарламалық әдіс.


3. Орта мектептерде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі формасы:

1. сабақ.

0. тәрбиелік жұмыстар.

0. эксперимент.

0. психологиялық жұмыстар.
4. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары:

1. жалпы білім беру, тәрбиелік, тәжірибелік.

0. білім беру, тәрбиелеу, түсіндіру.

0. жалпы білім беру, тәрбиелеу.

0. түсіндіру, салыстыру, дамыту.
5. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері:

1. бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, анализ, синтез, индукция мен дедукция, т.б.

0. ғылымилық, білімнің берік болуы, түсініктілік, көрнекілік, жүйелілік пен реттілік, т.б.

0. жүйе-құрылымдық әдіс, статистикалық әдіс, тарихи әдіс, салыстыру әдісі, эмпириялық әдіс, т.б.

0. педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент, үлгерім тесті, анкеталау.
6. Математиканы оқытудың дидактикалық қағидалары:

1. ғылымилық, білімнің берік болуы, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, т.б.

0. бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, анализ, синтез, индукция мен дедукция, т.б.

0. жүйе-құрылымдық әдіс, статистикалық әдіс, тарихи әдіс, салыстыру әдісі, эмпириялық әдіс, т.б.

0. педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент, үлгерім тесті, анкеталау.
7. Әдістемелік зерттеулерде қолданылатын әдістер

1. жүйе-құрылымдық әдіс, статистикалық әдіс, тарихи әдіс, салыстыру әдісі, эмпириялық әдіс, т.б.

0. бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, анализ, синтез, индукция мен дедукция, т.б.

0. ғылымилық, оқу мен тәрбиенің бірлігі, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік пен реттілік, т.б.

0. педагогикалық әдіс, аксиоматикалық әдіс, танымдық әдіс, т.б.

8. Теоремаларды дәлелдеу әдістері:

1. синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс, математикалық индукция әдісі, т.б.

0. бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, анализ, синтез, индукция мен дедукция, т.б.

0. ғылымилық, оқу мен тәрбиенің бірлігі, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, т.б.

0. жүйе-құрылымдық әдіс, статистикалық әдіс, тарихи әдіс, салыстыру әдісі, эмпириялық әдіс, т.б.


9. Мұғалімнің сабаққа дайындалуының кезеңдері:

1. жаңа оқу жылына дайындық, тақырыптық дайындығы, күнделікті сабаққа дайындығы.

0. сабақ жоспарын дайындау, оқу – тәрбие жұмыстарын дайындау, сыныптан тыс жұмыс жоспарын дайындау.

0. жаңа оқу жылына дайындық, кезекті сабаққа дайындық.

0. сабақ жоспарын дайындау, оқу – тәрбие жұмыстарын дайындау.
10. Белгісізден белгіліге қарай көше отырып пайымдау жолы қандай ғылыми оқыту әдісіне жатады?

1. Анализ

0. Аналогия

0. Индукция

0. Бақылау
11.Ұқсастықты қолданып оқытатын ғылыми оқыту әдісі:

1. Аналогия

0. Жалпылау

0. Байқау

0. Синтез
12.Дербес пікірлерден жалпы пікірге көше отырып пайымдау жолы қай оқыту әдісіне жатады?

1. Индукция

0. Дедукция

0. Жалпылау

0. Анализ
13.Жалпы пікірден дербес пікірге көше отырып пайымдау жолы қай оқыту әдісіне жатады?

1. Дедукция

0. Анализ

0. Байқау

0. Бақылау
14. Келесі сабаққа әзірлену нелерден тұрады?

1. Кезектегі мәселені талқылау, сабақ жоспары, мақсаты, т.б.;

0. Мақсаты, мазмұны, құрылымы, т.б.;

0. Тақырып мазмұны, мазмұнды бөлу, өз бетіндік;

0. Тақырыбы, мақсаты, түрі, барысы, т.б.;

15. Сабақ қандай бөліктерден тұрады?

1. Жаңа материалды түсіндіру, бекіту, білім- білік- дағдыны тексеру, үйренгенді жүйелеу- жалпылау, т.б.

0. Көрнекілік көрсету, материалды қайталау және т.б.;

0. Жаңа материалмен танысу, өткенді қайталау, кітаппен жұмыс, т.б.;

0. Жүйелеу, көрнекілік көрсету, талдау, т.б.;


16. Оқушының есепті шығару кезіндегі мұғалімнің жалпы ұсыныстары қандай?

1. Есеп мазмұнын меңгеру, есеп шешу жоспарын құру және іске асыру, есептің шешімін талдау, дұрыстығын тексеру, т.б.;

0. Есеп мазмұнын тұжырымдау, басқа есептермен ұқсастығын көрсету, т.б.;

0. Есептің түрін анықтау, қажетті формулаға қою, т.б.:

0. Есеп мазмұнын талдау, қажетті формуланы іздеу, жауабын орнына қою, т.б.;
17. Толымсыз индукция деген не?

1. Қарастыратын фактілері тым көп , солардың кейбіреуін тексеруден шығатын қорытынды.

0. Қарастыратын фактілері өте көп емес, солардың кейбіреуінен шығатын қорытынды.

0. Қарастыратын фактілері аз, бәрін тексеруден шығатын қорытынды.

0. Тек дұрыс пікірлерден шығатын қорытынды.
18. Толық индукция деген не?

1. Қарастыратын фактілері санаулы, оның барлығын зерттегеннен соң қорытынды жасау.

0. Қарастыратын фактілері тым көп, соның бәрін зерттеп қорытынды жасау

0. Қарастыратын фактілері жеткілікті, соның кейбіреуін зерттеп қорытынды жасау.

0. Барлық фактілері ақиқат деп қорытынды жасау.
19. Математикалық индукция деген не?

1. Дербес жағдайдан жалпы жағдайға көшу жолы.

0. Жалпы жағдайлардан дербес жағдайларға көшу.

0. Барлық жағдайларды қарастыру.

0. Пікір кез келген дербес жағдайда дұрыс деп ұйғарып, содан жалпы қорытынды жасау.
20. Математикалық ұғым деген не?

1. Заттар мен нақты құбылыстардың өзара қатынасының процесінің ойша бейнеленуі

0. Сезімдік таным ұғымы деп аталады

0. Логикалық ойлау ұғым деп аталады

0. Заттарды, формулаларды қабылдау ұғымы деп аталады
21. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

1. Үйірме, викториналар, жарыстар мен олимпиадалар, кештер, апталық, т.б.

0. Конференциялар, мұғалімнің қиын есептер шешіп көрсетуі, қиын балалармен жұмыс, т.б.

0. Қолдан көрнекіліктер жасау, газеттер шығару, т.б.

0. Сабақтан тыс оқу, т.б.

22.Математика оқулығымен жұмыс істеудің қандай әдістері бар?

1. Мұғалім түсіндіргеннен кейін оқу, мысалдар мен басқа да текстерді оқу, жауап іздеу арқылы оқу, өзбетінше жоспар құрып оқу

0. Мұғалімнің көмегімен теоремалар мен ережелерді оқу, анықтамаларды талдау, т.б.

0. Өзбетінше оқу, тапсырмаларды орындау, т.б.

0. Теоремаларды дәлелдеу үшін оқулықпен жұмыс істеу, т.б.


23.Аксиома деген не?

1. Дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем

0. Дәлелденілетін анықтама.

0. Анықтама ретінде алынатын сөйлем.

0. Жай сөйлем.

0. Есептерге қолданылатын сөйлем.


24.Теорема деген не?

1. Дәлелденілетін математикалық сөйлем.

0. Анықтама ретінде алынатын сөйлем.

0. Ұғымды анықтайтын сөйлем.

0. Дәлелдеуі ақиқат сөйлем.
25.Сан тізбегі деген не?

1. Өзінің нөміріне тәуелді сандар.

0. Кему ретімен орналасатын сандар тобын сан тізбегі деп атайды.

0. Белгілі сандар тобын тізбек деп атайды.

0. Бірден бастап өсу ретімен орналасатын сандар.
26. Арифметикалық прогрессия деген не?

1. Екінші мүшесінен бастап алдыңғы мүшесіне тұрақты санды қосудан не азайтудан шығатын сан тізбегі.

0. Белгілі бір тұрақты қайталанатын сан тізбегі.

0. 5;5;5;... сияқты сан тізбегі.

0. Екінші мүшесінен бастап алдыңғы мүшесіне тұрақты санды қосудан шығатын сан тізбегі.
27. Геометриялық прогрессия деген не?

1. Екінші мүшесінен бастап, алдынғы мүшесіне бір тұрақты санды көбейтуден шығатын сан тізбегі

0. Екінші мүшесінен бастап, бір тұрақты санға үнемі кемитін сан тізбегі.

0. Екінші мүшесінен бастап, бір тұрақты санға үнемі артатын сан тізбегі.

0. Екінші мүшесінен бастап, алдынғы мүшесіне бір тұрақты санды азайтудан шығатын сан тізбегі.
28. Сызықтық функция деген не?

1. y=ax+b түріндегі функция

0. y=ax3+b түріндегі функция

0. y=ax2-1 түріндегі функция

0. y=ax2+1 түріндегі функция

29. Квадраттық функция деген не?

1. y=ax2+bx+c түріндегі функция.

0. y=1/x түріндегі функция.

0. y=1-ax+c түріндегі функция.

0. y=x3-ax-c түріндегі функция.


30. Бірмүше деген не?

1. Көбейту, дәрежелеу амалдарынан тұратын өрнекті бірмүше деп атайды.

0. Тек қосу амалынан тұратын өрнекті бірмүше деп атайды.

0. Қосу, азайту амалынан тұратын өрнекті бірмүше деп атайды.

0. Көбейту, азайту амалынан тұратын өрнекті бірмүше деп атайды.
31. Көпмүше деген не?

1. Бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атайды.

0. ax2*bx5 түріндегі өрнекті көпмүше деп атайды.

0. Бірмүшелердің натурал дәрежесін көпмүше деп атайды.

0. ax2:bx3 түріндегі өрнекті көпмүше деп атайды.
32. Виет теоремасын тұжырымдаңыз.

1. Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама- қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал түбірлерінің көбейтіндісі бос мүшеге тең болады.

0. x1+x2=p, x1*x2=-q түріндегі өрнекті Виет теоремасы деп атайды.

0. Түбірлерінің айырмасы екінші коэффициентке, түбірлерінің көбейтіндісі бос мүшеге тең.

0. Түбірлерінің қосындысы екінші коэффициентке, ал түбірлерінің көбейтіндісі қарама- қарсы таңбамен алынған мүшеге тең.
33. Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?

1. Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800(n-2).

0. Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800(n-4).

0. Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800(n-1).

0. Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800(n-3).
34. Математиканы оқытудағы эвристикалық әдісі дегеніміз не?

1. Сұрақ-жауап түріндегі оқушылардың ізденімпаздығын, өз бетінше ойлау қабілетін арттыру

0. Оқу танымдық іс-әрекетті дұрыс жоспарлау.

0. Оқушылардың математикалық ойлауын жандандыру мен белсенділігін арттыру.

0. Математикалық әдебиетпен жұмыс істеу.
35. Турист 160 км-дің 5/8 бөлігін автомашинамен, ал қалған бөлігін катермен жүріп өтті. Катердің жылдамдығы автомашинаның жылдамдығынан 20 км/сағ аз. Турист автомашинамен катерге қарағанда 15 мин. артық жүрген. Автомашина мен катердің жылдамдықтары қандай?

1. (60; 80), (80; 100)

0. (40; 60), (80; 60)

0. (50; 90), (80; 100)

0. (55; 85), (85; 95)

36. Жаяу адам 10км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүру керек еді, бірақ ол жылдамдығын 1 км/сағ арттырып, 10 км жолды 20 мин. тезірек жүріп өтті. Жаяу адамның алғашқы жылдамдығын табыңыз.

1. 5 км/сағ

0. 7 км/сағ

0. 4 км/сағ

0. 3 км/сағ


37. Мектеп бітірушілер бір-біріне фотосуреттерін сыйлады. Егер 870 сурет алмастырылған болса, мектеп бітірушілер саны қанша болғаны?

1. 30


0. 40

0. 50


0. 25
38. Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіреді?

1. 6


0. 5

0. 7


0. 4
39. Қанат велосипедпен ауылдан көлге дейін барып, кідірместен кері қайтқан, сонда бүкіл жолға 1 сағ уақыт кетті. Ауылдан көлге дейінгі жылдамдығы 15 км/сағ, ал көлден ауылға дейінгі жылдамдығы 10 км/сағ болды. Көлден ауылға дейінгі ара қашықтықты табыңыз.

1. 6 км.


0. 10 км.

0. 7 км.


0. 5 км.
40. Екі қапта 140 кг ұн бар. Егер бірінші қаптан 12,5 % ұнды екіншісіне ауыстырып салса, онда екі қаптағы ұн бірдей болады. Әр қапта қанша кг ұн бар?

1. 80кг; 60кг.

0. 95кг; 90кг.

0. 75кг; 85кг.

0. 85кг; 55кг.
41. Екі санның айырмасы 6-ға тең, біріншісінің 30 % -і екіншісінің 42 % -іне тең. Осы сандарды табыңыз.

1. 21; 15

0. 22; 16.

0. 20; 14.

0. 19; 13.
42. Банк өзінің салымшыларына салымның жылдық өсуін 4 %-ке арттырмақ. Егер адам банкке 1200 теңге салса, онда бір жылдан кейін алатын ақшасын табыңыз.

1. 1248 теңге.

0. 1680 теңге.

0. 1400 теңге.

0. 1252 теңге.
43. Айгерім 4 кітап сатап алды. Бірінші кітаптан басқаларының құны 48 теңге, екіншісінен басқаларының құны 46 теңге, үшіншісінен басқаларының құны 42 теңге, төртіншісінен басқаларының құны 38 теңге тұрадв. Әр кітап қанша тұрады?

1. 10, 12, 16, 20.

0. 8, 12, 16, 22.

0. 12, 14, 16, 16.

0. 16, 118, 14, 10.
44. Арифметикалық прогрессияның төртінші мен алтыншы мүшелерінің қосындысы 14-ке тең. Осы прогрессияның алғашқы тоғыз мүшесінің қосындысын табыңыз.

1. 63.


0. 53.

0. 75.


0. 85.
45. Мүшелері оң өспелі геометриялық прогрессияның бірінші және төртінші мүшелерінің көбейтіндісі 27, ал екінші мен үшінші мүшелерінің қосындысы 12- ге тең. Екінші мен бесінші мүшелерінің қосындысын табыңыз.

1. 84.


0. 54.

0. 63.


0. 75.
46. b1=3, bn=96, Sn=189 болса, геометриялық прогрессияның мүшелер санын табыңыз.

1. 6


0. 5

0. 4


0. 3
47. Оқушыларды дамытып оқыту әдістері

1. проблемалық, эвристикалық әдістер.

0. модельдеу, жинақтау әдісі.

0. әңгімелесу әдісі.

0. синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс.
48. Компьютерді қолданып оқыту әдістері

1. бағдарламалық әдіс.

0. анализ, синтез, аналогия.

0. әңгімелесу әдісі.

0. синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс.
49. Проблемалық оқыту әдістері:

1. зерттеу әдісі, эвристикалық әдіс, проблемалық баяндау әдісі.

0. проблемалық жағдай тудыру, жалпы талқылау, жаңа проблемаға шығу.

0. проблеманы нақтылау, нәтижені тұжырымдау, жана проблема алу.

0. проблемалық есептерді шешу, шығармашылық ізденістер, шешімді іздеуге қызығушылық.
50. Ұғымның мазмұны дегеніміз:

1. ұғымдар класына жататын барлық объектілерге тиісті елеулі белгілердің жиынтығы.

0. берілген ұғымдар класына жататын барлық объектілер жиынтығы.

0. ұғымдар класына жатпайтын объектілердің жиынтығы.

0. ұғымдар класына жатпайтын елеулі белгілердің жиынтығы.

Кафедра меңгерушісі Тлеубергенова М.А.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті



Физика-математика факультеті

Математика кафедрасы

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында

математиканы оқыту әдістемесі»

пәнінен тест тапсырмалары



Дайындаған: Сарман А.Д.-аға оқытушы, магистр

Ақтөбе 2020

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет