D. Поршеньді өзіне тартқан кезде шприцте қанның пайда болуы
19. Пациенттің венасына дәрілік препаратты енгізер алдында мейірбике бұрау пайдалану қажет. Біраз уақыттан кейін бұрауды әлсірету керек. Венаға инъекция жасаған кезде иықтың ортаңғы үштен бір бөлігінде тұрған бұрауды қашан босату керек? А. Инені венаға енгізгеннен кейін бірден
В. Иненің венаға түскенін тексергеннен кейін С. Дәрілік препаратты енгізгеннен кейін
D. Инені суырғаннан кейін
Е. Дәрілік препаратты енгізу кезінде
20. Ампуладан дәрілік препаратты жинағаннан кейін неліктен қолданылған инені өзгерту және басқа стерильді қолғап кию ұсынылады? А. Иненің өткізгіштігі бұзылады
В. Ине микроорганизмдермен контаминацияланады және жұқтыру қаупі артады С. Ине тұйықталып , манипуляция ауыр болады
D. Иненің беріктігі азаяды және сынуы мүмкін
Е. Инені стерилді инеге ауыстыру міндетті емес
21. Жіліншік сынған кезде шендеуіш қандай буындарда үлгілеуі керек? А. Тек тобықбуында
В. Тобықбуын мен тізебуында С. Тобықбуын, тізебуын және ұршықбуында
D. Тізебуын мен ұршықбуында
Е. Тізебуынға жетпей, тобықбуында
22.Венаға инъекция жасау кезінде шприцте ауа болса қандай асқынулар туындауы мүмкін? А.Шонданай нервісінің невриті және ауалы эмболия
В. Тромбофлебит және ауалы эмболия С. Некроз және шонданай нервісінің невриті
D. Абцесс және тромбофлебит
Е. Эмболия және анафилактикалық шок
23. Ингаляторды қолдану ережесін науқасқа үйрете отырып мейірбике ингаляторды қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы бейнежазбаны іске қосты. Сосын ол ингаляторды дұрыс қолданудың жетістіктері туралы қысқаша дәріс оқыды. Әрі қарай науқастан қандай сұрақтары бар екендігін сұрады. Науқасты оқыту кезіндегі мейірбикенің осы әрекетінің алгоритміне нені қосу керек? А. Оларға ингаляторлар беру және өздері жасап көруді ұсыну
В. Науқастар өздерін қызықтырған сұрақтарын жазатын қағаздар тарату