Фрейд «Мен» және «Олды» атқа мінген адаммен теңестіреді: «Мен» -сырт қарағанда атты басқарып, бақылап, бұйрық беріп отырады. Бірақ ат («Ол»)-адамнан күштірек және (адамды көтеріп келеді). Кейбір жағдайда ат иесі атқа бақылауын жоғалтып алып, ол қайда шапса да кете баруы мүмкін.
Фрейд «Мен» және «Олды» атқа мінген адаммен теңестіреді: «Мен» -сырт қарағанда атты басқарып, бақылап, бұйрық беріп отырады. Бірақ ат («Ол»)-адамнан күштірек және (адамды көтеріп келеді). Кейбір жағдайда ат иесі атқа бақылауын жоғалтып алып, ол қайда шапса да кете баруы мүмкін.
Архетиптер теориясы
Карл Густав Юнг адам жадысындағы ізі ретіндегі архетиптер теориясын ұсынды: «Алғашқы бейне, немесе архетип, бұл фигура – әзәзілдікі болсын, адамдікі болсын немесе оқиғаның, - шығармашылық фантазия болған барлық жерде тарих барысында қайталанады»
«Бұл бейнелердің әрқайсында арғы аталардың шексіз қатарында сансыз қайталанған адам психикасы мен адам тағдырының бөлшегі, азаптану мен ляззаттың - күйзелістердің кристалли-зацияланған бөлшегі бар»
Философияның мақсаты, К.Юнг бойынша, - архетиптерді шифрланған адамзат тарихы ретінде ұғыну, жоғары архетиптердің мән-мағынасын түсініп, олардың негізінде шындыққа өз көзқарасын анықтау
К.Г. Юнг іліміндегі «ұжымдық архетиптер»
Юнг көптеген архетиптерге шартты және өзгеше, бірақ дәлме-дәл нақты атауларды берген: Бірегейлік, Персона, Көлеңке, Анима, Анимус, Бике, Ана, Бала, Жандану, Рух, Күн Дана, Каһарман, Құдай, Өлім
Бала - өмір қуанышы, көңілдену, уайымсыздық, жаңа мүмкіндіктер
3. Жан, ақыл, парасат, рух.
Жан — адамның , жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің) бойындағы тіршілік қуаты. Дәстүрлі түсінік бойынша, жанның заттық қасиеті жоқ делінетіндіктен, оны ғылым жолмен тану мүмкін емес деп есептелген. Бірақ қазіргі замандық зерттеулер бойынша жан адам денесінің тұтас жүйесіне және миындағы нейрондардың қозғалысына тәуелді дейтін функционализ идеясы қалыптасқан. Ол бойынша жан тіршілік жасушасының ерекше қасиеті мен қабілеті.
Жан – ақыл, ерік және сезімнен тұрады. Ойлау, сезіну, жоспарлау, ұйымдастыру, мәлім іске шоғырлану, шашырау, шабыттану, қалжырау дегендер жанның қабілеттері. Жан арқылы адам баласы таниды, өзара қарым-қатынас жасайды. Жеке тұлғалық қасиеттер жаннан бастау алады. Алаңдау, тынышу, қуану мен қайғыру жанның күйі есептеледі.