1. Сана. Жалпы ұғымы, негізгі анықтамалары, пайда болуы.
1. Сана. Жалпы ұғымы, негізгі анықтамалары, пайда болуы.
2. Сана және бейсаналық. Фрейдтің бейсаналық концепциясы. К. Юнг – архетиптер мен ұжымдық бейсаналық.
3. Жан, ақыл, парасат, рух.
4. Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы.
5. Сананың гносеологиялық моделдері. Неміс классикалық философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж. Деррида, Ж. Делез)
ЖОСПАР
Сана. Жалпы ұғымы, негізгі анықтамалары, пайда болуы.
Сана дегеніміз — объективтік дуниенің субъективтік бейнесі. Біз субъективтік бейне жайында әңгіме еткенде, оны шындықтың бұрмаланған бейнесі деп түсінбейміз, қайта қандай да бір идеалдық, яғни К. Марке атап көрсеткендей, адам басында өңделген, езгертілген материялық деп қараймыз. Адам санасындағы зат — бейне, ал реалды зат — оның бастапқы нұсқасы. Сананың пайда болуы, жұмысы және дамуы белгілі бір заттар, құбылыстар туралы адамның білім алуына өте тығыз байланысты. «Сана емір сүретін тәсіл, — деп жазды К. Маркс, — және ол үшін бірдеңенің өмір сүру тәсілі, ол — білім … Сана бірдеңені қаншалық білсе, бірдеңе де сана үшін соншалық пайда болады» . Демек, адамның объективтік дүниеге деген танымдық қатынасынсыз сананың болуы мүмкін емес.
Сонымен бірге біз сана туралы айтқанда, ең алдымен оның рухани қызмет ретіндегі, сапа жағынан материалдық заттан өзгеше идеалдық құбылыс ретіндегі сипатын ескеріп айтамыз. Таным — сананың қоршаған дүниені бейнелендіруге бағытталған қызметі.Адамның кез келген психикасы саналы емес. Психика ұғымы сана ұғымынан әлдеқайда кең. Психика жануарларда да бар, бірақ оларда сана жоқ.