12.Қанның оттегімен қанықтығын (сатурация) пульсоксиметр көмегімен өлшеу. Қандағы оттегінің деңгейі немесе сатурация дегеніміз- адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларын бақылау параметрі, ол артериялық қанның оттегімен қанықтыру деңгейін пайызбен (SpO2) белгілейді. Адам ағзасына сатурация маңыздылығы түрлі аурулардың алдын алуымен сипатталады.
Қазіргі таңда сатурацияның тыныс алу жолдарының бірі пневмония ауруын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен, COVID-19 вирусының асқынбаған түрін емдеуге болады.
Дененің тыныс алуының негізгі қоздырғышы-көмірқышқыл газының (CO2) жоғарылауы. Бұлшықет жиырылуының көмегімен ауа тыныс алу жолдары арқылы өкпеге еніп, газ алмасу жүретін альвеолаларды толтырады. Ол "диффузия" деп аталатын процесс арқылы жүзеге асырылады.Оттегі эритроциттердегі оттегімен қаныққан қан өкпеден жүрекке өтеді, ол жерден артериялар арқылы бүкіл денеге таралады. Артериялық қандағы гемоглобиннің оттегімен қанықтылығы-сатурация (SaO2) деп аталады. SaO2 > 94% мәндері қалыпты көрсеткіштер болып саналады.
Сатурацияны өлшейтін әдіс – пульсоксиметрия. Пульсоксиметрия-қандағы оттегінің құрамын анықтаудың ең Ақпараттық әдісі. Ол артериялық қанның гемоглобиннің оттегімен қанығуын анықтайды.
Пульсоксиметрия пульсоксиметр көмегімен жүргізіледі. Пульсоксиметр-бұл импульстің жиілігін де, артериялық гемоглобинді де перифериялық капиллярлық деңгейде оттегімен қанықтыруды өлшейтін инвазивті емес құрал.Ол портативті монитордан және фотоэлектрлік зондтан тұрады ол саусаққа, немесе аяққа немесе науқастың құлағына бекітіледі.Зонд систола мен диастола кезінде капиллярдағы қызыл түс мөлшерін өлшейді.
Құрылғыны қан қысымы өлшенетін бір қолға қолдануға болмайды. Пульсоксиметрдің көрсеткіштері тонометрдің манжеті ісінген кезде төмен түсетінін есте ұстау керек.
Пульмоксиметрияның тиімсіз жақтары:
Пульсоксиметрия желдетілу мен рН пен РаСО2 мөлшері жайында ақпарат бермейді. Сондықтан газ алмасу параметрін толық анықтай алмайды. Пульсоксиметрдің жұмыс істеу әрекеті:
Пульсоксиметрде екі түсті диод орналасқан:
• қызыл түсті (600-750 нм);
• инфрақызыл түсті (850-1000 нм).
Оксигенді гемоглобин (НbО2) инфрақызыл түсті көп сіңіреді.
Деокгенді гемоглобин (Нb) қызыл түсті көп сіңіреді.
Екі түстің қатынасының өзгеруі қандағы сатурацияның мөлшерін анықтайды.
Сатурациялық пайызды есептейміз мына арқылы:
Сатурация HbO2 (оксигенді гемоглобин ) мөлшерінің гемоглобиннің жалпы санына қатынасы ретінде есептеледі:
ЅрО2 = (НbО2 / НbО2 + Нb) х 100%
Мысалы, егер гемоглобиннің 99 молекуласы оттегімен қаныққан болса, онда:
SpO2 = (99/ 99 + 1) х 100 = 99%
Егер пульсоксиметр 92% - дан төмен сатурацияны көрсетсе, онда бұл қауіпті болуы мүмкін. Оның 90% - дан төмен түсуі гипоксемияны болжайды. Бұл қан ағымындағы оттегінің концентрациясы жасушаларға қарағанда төмен екенін білдіреді. Палатадағы пациенттерде гипоксияның себебі пневмония, астма, өкпенің ісінуі болады. Идеал-94-99% сатурация. Пульсоксиметрде SpO2 мөлшері төмендесе, қандағы оттегі мөлшері төмендеп, гипоксия болып жатқанын көрсетеді.
Осылайша, тыныс алу жүйесінің көптеген аурулары сатурация мөлшерінің төмендеуіне әкеледі.
Компьютерлі мониторлы пульсоксиметрия –бұл әдіс ұзақ уақытқа сатурация мен пульсті мониторингтеуге мүмкіндік береді. Мысалы:8 сағат ұйықтасақ, компьютерлі пульсоксиметр 28000 өлшем жасап , бүкіл ақпараттарды жазып алады.
Компьютерлі пульсоксиметрдің мүмкіншіліктері сан алуан. Олар: Сәулені шағылыстыру техникасымен жұмыс істейді, Күндіз және түнде де сатурацияны анықтай алады.Сигналды тіркеу жиілігі 1,2,4 және 10 сек.интервал аралығында тіркеледі
Батареясының қуаттылығы 300сағ-қа дейін шыдайды (10 сек ішінде 1 рет келген жағдайда. Қисық сатурация мен пульсті анализ жасай алады.Отчет бірден шығарады.
SpO2 дәрежесі,% (пульсоксиметрия көрсеткіштері)
Норма 95-тен көп немесе оған тең%
1 дәреже 90-94%
2 дәреже 75-89%
3 дәреже 75-тен кем%
Гипоксемиялық кома 60-тан кем%
Пульсоксиметрдегі PI көрсеткіші. Перфузия индексі (PI) – бұл көлемді перифериялық қан ағымының қарқындылығы, басқаша айтқанда Pi — өлшеу орнындағы импульстің күші.PI мәні 0,02-20,0% диапазонында өлшенеді. Норма 4-7%.