1 Санитариялық микробиология: фармацевтикалық практикаға қатысты түсінік, мақсаттар мен міндеттер



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата07.04.2023
өлшемі251,83 Kb.
#80295
1   2   3   4
Қосымша:. Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына ішекте мекендейтін қалыпты 
микрофлоралардың ішінен – ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококтар, сульфитті 
редукциялаушы анаэробтар (көбінесе Clostridium perfringens), Proteus туысына жататын бактериялар, 
ішек бактериофагтары, ал жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабықшаларында тіршілік ететіндерден – 
Streptococcus viridans, Streptococcus haemolyticus және Staphylococcus aureus жатады. 
Ішек таяқшасы санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын барлық негізгі критерийлерге 
сәйкес келеді. Олар адамдар мен жануарлардың ішегінде тіршілік ететін қалыпты микрофлораларға 
жатады, қоршаған ортаға нәжіс арқылы бөлінеді, сыртқы ортада тірі қалуы мен төзімділігі патогенді 
энтеробактериялардың қасиеттеріне ұқсас, су мен топырақта көбейе алмайды. Сонымен қатар ішек 
таяқшаларының тағы бір артықшылығы – басқа ішек флорасына қарағанда, ластанған нысандарда өте көп 
мөлшерде кездесуі. Ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) қоршаған ортаның нәжіспен 
ластанғандығын білдіретін негізгі көрсеткіш және эпидемиологиялық (эпизоотиялық) қауіптіліктің 
индикаторы болып табылады. 
 
4) Дәріханаларды, фармацевтикалық өндірістерді санитариялық-бактериологиялық 
зерттеу кезіндегі объектілер
Дәріханадағы микробиологиялық бақылау объектілері
Дәріханаларда микробиологиялық бақылау объектілері болып бастапқы, аралық және дайын өнімдер, 
қосалқы заттар мен материалдар, персоналдың қолдары мен санитарлық киімдері, үй-жайлар мен 
жабдықтардың ауасы мен беттері табылады.Қоршаған орта объектілерінен жағындыларды санитарлық-
бактериологиялық зерттеу кезінде анықталатын материалдардың сынамаларын алу ерекшеліктері мен 
критерийлері
 
Іріктеу принциптері.
Объектілерді, жабдықтарды, жұмыс беттерін санитарлық-микробиологиялық сараптау үшін сынама алу 
келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:
1. стерильді тампонды немесе майлықты пайдаланып жуу; немесе кішкене заттарды және флакондардың 
ішкі бетін шаю;
2. контакт әдісі – «саусақ іздері» әдісі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет