1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет21/91
Дата29.11.2022
өлшемі343,11 Kb.
#53426
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91
5. Жасырын дауыс беру – сайлаушылардың Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі сайлаушының ерік білдіруіне ешкімнің кедергі келтірмеуін, ерікті, дербес түрде өз еркін білдіруіне сырттан әсер етуді жоюды білдіреді.
6. Еркін сайлау қағидасы – азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы, яғни сайлаушының сайлауға қатысу немесе қатыспау мәселесін өзінің шешуі.
Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады: мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйесі. Мажоритарлық жүйе бойынша көпшілік дауыс санын алған үміткер сайланды деп есептеледі. Пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша Қазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы: әрбір саяси партия парламентте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына сай келетін мандаттар санын иеленеді. Бұл жүйеде сайлаушылар дауысын нақты үміткерлерге емес партиялық тізімге береді.


18. Мемлекет – саяси биліктің субъектісі. Саяси биліктің субъектісі, бұл – билікті иеленуші, жүргізуші, белсенді әрекет етуші, бағыттаушы бастама.
Мемлекет деп белгілі бір аумақтағы және ондағы тұрғындарға жүргізілетін саяси биліктің ұйымдастырылуын, басқару аппараты болып, барлығына тиісті заңдарды қабылдап, ішкі, сыртқы мәселелерді шешуде дербестігі бар саяси жүйенің негізгі элементін айтады.
Мемлекеттің белгілері: 1) басқару аппараты; 2) тұрғындары мен аумағы; 3) егемендігі; 4) салық жүйесі; 5) заңы; 6) ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру монополиясы; 7) жалпы игіліктер мен жалпы мүдделерді қорғау.
Мемлекеттің құрылымы: заң шығарушы билік (парламент) – елдің өмірін анықтайтын заңдар мен басқа да құжаттарды қабылдайды; атқарушы билік (үкімет, әкімшілік) – заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді, елдің күнделікті өмірін басқаруды іске асырады; сот билігі (сот) – сот төрелігі мен дауларды шешуді іске асырады; мемлекет басшысы институты (президент немесе монархия институты); қадағалау-бақылау және арнаулы бақылау органдары (прокуратура, кеден, инспекциялар т.б.); қоғамдық тәртіпті сақтау органдары; мемлекеттік қауіпсіздік органдары; қарулы күштер, жергілікті билік орындары.
Мемлекеттің екі негізгі функциясы бар: ішкі (адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, экологиялық т.б.) және сыртқы (сыртқы күштердің араласуынан қорғау, мемлекеттің қауіпсіздігін – әскери, экономикалық т.б. қамтамасыз ету, әлемдік тәртіп пен тұрақтылықты қолдау, халықаралық қылмыспен күресу, басқа мемлекеттермен ынтымақтасу және әлемдік саясатқа кірігу). Мемлекеттің ең басты функциясы – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол үшін топтарға, таптарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет