Жоспар: Дауыс мутациясы туралы түсінік Дауыс мутациясының түрлері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер



Дата21.09.2023
өлшемі15,15 Kb.
#109411

Жоспар:
1.Дауыс мутациясы туралы түсінік
2.Дауыс мутациясының түрлері
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Дауыс – бұл өзінің күрделілігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты емес адам көмейінен шығатын кез келген дыбыс. Дауыс генераторлық бөлім ретінде қызмет ететін көмейде пайда болады.Дауыс функциясының дамуында жеті кезең ажыратуға болады:
- мектепке дейінгі (туылғаннан жеті жасқа дейін) кезең. Бұл кезең үшінде нәрестелік, ерте жас (3 жасқа дейін), мектепке дейінгі ересек жас кезеңі деп бөлінеді;
- мутацияға дейін (жеті жастан он үш жасқа дейін) кезеңі;
- мутация кезеңі (13 жастан 15 жасқа дейін);
- мутациядан кейінгі (15-тен 17-ге дейін) кезең
Дауыс мутациясы (лат. Т. Mutatio — өзгеру, өзгерту) жас ерекшелігіне байланысты эндокринді өзгерістерінің салдарынан дауыс аппаратындағы өзгерістерінің нәтижесінде пайда болады. Бұндай өзгерістер физиологиялық деп есептеледі және жыныстық жетілу (13-15 жаста) кезінде байқалады.Мутацияның үш негізгі кезеңі бар:
Мутацияға дейінгі кезең.Осы уақытта ағза болашақ қайта құрылымдауға дайындалуда және осы кезеңде барлық жүйелер қатысады.
Дыбыс қаттырақ болады;
Ер балалардың дауыс аппараты бұл кезде тез өскенімен, бір қалыпты өспейді, ал қыздарда баяу дамиды. Қыздарда 37 % мутацияның белгілері байқалады, бірақ көп жағдайда айқын көрінетін бұзылыстар байқалмайды. Мутацияның үш кезеңін ажыратады: алғашқы, негізгі, соңғы.
Алғашқы кезеңде дауыс перделерінің болымсыз қызаруы (гиперемиясы) байқалады. Негізгі кезеңде бүкіл көмейдің гиперемиясы, кейбір жағдайда дауыс перделерінің артқы үш бөлігінің тең бүйірлі үшбұрыш тәрізді («мутациялық үшбұрыш») қабыспауы байқалады. Дауыс перделерінің синхрондық және асинхрондық тербелістері байқалады. Бұл көмейдің сыртқы және ішкі бұлшық ет қызметтерінің, тыныс алудың және дауыс шығаруының үйлесімінің бұзылуын көрсетеді. Мутацияның соңғы кезеңі ересек адамның дауыс шығару механизмін бекітеді.Аздаған жөтелмен бірге жүретін дауыстың қарлығуы, терлеу байқалады. Мутация кезінде дауыс тәртібін сақтау жеке орнатылады. Мүлдем үндемеу тәртібі тек көмейдің шырышты қабығының ісінуі кезінде ұсынылады.
Дауыстың бұзылуы – дауыс аппаратының патологиялық өзгерістеріне байланысты фонацияның бұзылуы немесе мүлдем болмауы. Дауыс патологиясын негізгі екі терминмен атайды: афония (грекше «а» - теріс мағыналы қосымша, «phone» - дауыс) – сыбырлап сөйлеу сақталғанның өзінде де дауыстап және қатты сөйлеуге қабілетсіздік. Дауыс бұзылуына жататындар: афония, дисфония, фонастения.
Фонастения («phone» - дыбыс, дауыс, «astheneia» - әлсіздік, дәрменсіздік) – сөйлеу қозғалу аппаратының табиғи зақымдануының болмауы кезіндегі дауыс қалыптасуының бұзылуыАфония(грекше а – сыз, сіз, емес, қосымшасы және пһōнē – дыбыс) – дауыстың жоғалуы, сыбырлап қалу. Афонияны кәдімгі (ауруға байланысты) және функционалдық (психогендік, истериялық) деп екіге бөледі.
Кәдімгі (көмейлік) афония жоғары тыныс жолдарына салқын тиюден, тұмаурату, не көмей параличіне, ісіктерге байланысты дыбыс сіңірлерінің жиырылып тербелуіне кедергі туудан пайда болады. Афония — дифтерия (күл) ауруының негізгі белгілерінің де бірі.
Функционалдық афония жүйке жүйесі дерттерімен ауыратын адамдар ларингит ауруына шалдыққанда пайда болады.
Дисфония (грек. Dys және рһоnе — дыбыс, дауыс) — дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі.Бұл — көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әр түрлі кеселдер. Мыс., қабыну, көмекей обыры, т.б. Қарлығу кезінде көмекейден дыбыс шығу қиындап, дыбыстың ырғағы бұзылады, дауыс бәсеңдеп, дірілдеп, сыбырлау дәрежесіне дейін жетуі мүмкін.Қарлығу, дисфония (грек. Dys және рһоnе — дыбыс, дауыс) — дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі.
Қорытындылай келе, дауыс мутациясы деп дауыстың өзгеруін немесе бұзылуын айтамыз. Дауыс мутациясы физиологиялық өзгеріс барысында, яғни, 13-15жаста анық байқалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.euniver. Vkgu. Kz
2.«музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесі»
3.kk.m. wikipedia. org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет