1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Түсті революциялар: түсінігі, мазмұны және әдістері



бет44/91
Дата29.11.2022
өлшемі343,11 Kb.
#53426
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91
Байланысты:
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

44. Түсті революциялар: түсінігі, мазмұны және әдістері. «Түсті революция» – саяси күрестің бейбіт құралдарын қолдану (бұқараның көшедегі наразылық акциялары – ереуіл, митинг, демонстрация) арқылы жүзеге асырылатын билеуші режимдердің ауысу процесі. Зерттеушілер «түсті революциялар (төңкерістер)» деп 2001 жылы Сербиядағы, 2003 ж. Грузиядағы «розовая революция», 2005 ж. Қырғызстандағы «тюльпановая революция», 2004, 2013-2014 жж.-ғы Украинадағы «Оранжевая революция» және «Еуромайдан» бұқаралық наразылық пен биліктің бейбіт түрде ауысуын қарастырады. «Түсті революцияларға» 2011 ж. «Араб көктемі» оқиғаларын да жатқызады. Түрлі елдерде түсті революциялар бір сценарий бойынша жасалады. Жалпы бұл «түсті революцияларды» революцияға жатқызуға бола ма деген пікір де бар.
Түсті революцияларға тән белгілер: 1) күштеуді қолданбау жарияланғанымен, мұндай революция бейбіт наразылықтардан басталады, алайда дер кезінде басылмаса, қанды қақтығыстармен және қарулы төңкеріспен аяқталуы мүмкін. 2) АҚШ және басқа да батыс елдерінің арнайы қорларының, елшіліктері және арнаулы қызмет орындарының (спецслужба) жасырын түрде, алайда белсенді қаржылай қолдауы.
Тарихшы Эдвард Люттвак мемлекеттік төңкерісті табысты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 3 басты шартты атап көрсетеді: 1) экономикалық артта қалушылық. Бай елдерге қарағанда кедей елдерде төңкерістер жиі болады. 2) Саяси тәуелсіздік. Биліктің көзі сыртта болатын, тәуелсіздігі жоқ елде мемлекеттік төңкеріс жасау мүмкін емес. 3) Орталықтандырылған басқару. Билік бір орталықтан бақыланатын институттарға шоғырлануы тиіс. Мысалы, аймақтардың дербестігі мемлекеттік төңкеріс жасауды қатты қиындатады.
Түсті революцияның себептері: 1) жаңа тәуелсіз мемлекеттің ішкі терең дағдарысы (экономикалық және саяси дағарыс: елдегі тұрақсыз жағдай, мемлекеттік институттардың демократиялануының сөз жүзінде қалуы, ел басшыларының сөзі мен ісінің бір-біріне сай келмеуі, билікке деген сенімсіздік, қаржы дағдарысы, адам құқықтарының бұзылуы, терең идеологияның болмауы); 2) ықпал ету мен бөлуге, өз мүдделерін алға жылжытуға мүдделі алпауыт держава мен басқа да күштердің ұмтылысы; 3) мемлекетте тұрақсыздануға әкелетін экономикалық саладағы, әсіресе, әлеуметтік экономикадағы мәселелер: тұрғындардың көпшілігінің қайыршылануы, орта таптың болмауы; 4) үкіметтің оппозициямен қарым-қатынас жасағысы келмеуі (ынтымақтаспауы), оны елемеуі, тіпті басып тастауы.
«Түсті революциялардың» америкалық идеологы Джин Шарп оның 3 кезеңін көрсетеді: 1) наразылық акциялары, митингілер, марштар, пикеттер – адамдарды биліктің легитимді еместігініе сендіріп, үкіметке қарсы қозғалысты қалыптастыру; 2) күштеу құрылымдарының беделін түсіру, ереуілдер, қоғамдық бағынбау, тәртіпсіздіктер, саботаж; 3) билікті күш қолданбай құлату.
Түсті революциялар технологиясы (әдістері): демонстрация мен ереуілдерге шығу үшін ақша төленген және шетелдік елшілер мен агенттердің тарапынан түрлі арандатулар мен болып жатқан оқиғаларға белсенді араласу әрекеттері, түсті революцияны жасау үшін ақпараттық ресурстарды тарту (ТВ, баспасөз, ғаламтор); Пиар науқандар; бұқараға, тобырға психологиялық әсер ету әдістері.
Түсті революцияның құрылымы: оны шартты түрде 3 ярустық (сатылы) пирамида түірнде көрсетуге болады. Ең жоғары сатыға наразылықтың «демеушілерін» орналастыруға болады. Бұл адамдарды үйрететін, бағыт беретін, қаржыландыратын және наразылықты ақпараттық қолдаумен айналысатын адамдар, адам топтары. Олар ешқашан өзі әрекет жасамайды, тек қана арадағы делдалдар арқылы ғана әрекет етеді. Соның арқасында бұл «демеушілер» бүкіл әлемдік қауымдастық алдында өзінің лайықты келбетін (достойное лицо) сақтайды. Орта ярусты төңкерісті тікелей ұйымдастырушылар құрайды. Бұлар батыстық бағыттағы белсенді әрекет ететін жас адамдар тобы. Бұл катеогрияға пиар және насихат саласындағы мамандар (журналистер, кәсіби психологтар) да кіреді, олар халық бұқарасының революциялық көңіл-күйін, өмір сүріп тұрған билікке деген жағымсыз көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі. Ұйымдастырушылардың бұл 2-ші категориясы, бұл «витрина» (шешендігімен, харизмасымен ерекшеленетін жас саясатшылар). Үшінші және ең көп ярус – қала алаңдары мен көшелеріндегі наразылық акцияларына шыққан адамның көп екендігін көрсетуге қажет болатын қарапайым адамдар, халық. Олардың бір бөлігі идеологиялық тұрғыдан (көзқарасы бойынша) шынында да революционер болса, ал басқалары күн демей, түн демей, қандай ауа-райы болса да, ұрандатып, біршама ақшаға митингіге шығуға дайын адамдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет