Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк
балансы бойынша мемлекеттiк органдарға
ақпарат беру қағидасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1395 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 6, 75-құжат
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан
Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 43)
тармақшасына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы
бойынша мемлекеттiк органдарға ақпарат беру қағидасы бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi жөнiнде ақпарат
беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 сәуiрдегi №
275 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж, № 13, 122-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 сәуiрдегi № 275
қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007
жылғы 17 шiлдедегi № 604 қаулысы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1395 қаулысымен
бекiтiлген
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы бойынша мемлекеттiк
органдарға ақпарат беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы бойынша
мемлекеттiң органдарға ақпарат беру қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Жер
қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 16-бабы 43) тармақшасына
сәйкес әзiрлендi, пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы бойынша
ақпаратты дайындау және мемлекеттiк органдарға беру тәртiбiн регламенттейдi.
2. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы
жөнiнде ақпарат беру тәртiбi
2. Уәкiлеттi орган жасаған пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк
балансы бойынша ақпарат мемлекеттiк органдарға ресми сұрау салу бойынша
осындай сұрау салу түскен сәттен бастап 10 жұмыс күнiнен кешiктiрмей
берiледi:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне және
экономикалық даму және сауда саласындағы уәкiлеттi органға пайдалы
қазбалардың барлық түрлерi бойынша;
мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органға - көмiрсутек шикiзаты
бойынша;
су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру
саласындағы уәкiлеттi органға - жерасты сулары бойынша.
3. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалар қорларының
мемлекеттiк балансы бойынша ақпарат мемлекеттiк органдарға бiрыңғай
электрондық құжат айналымы жүйесi бойынша (БЭҚАЖ) электрондық
тасымалдағыштарда және поштамен қағаз тасымалдағыштарда жолданады.
4. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалар қорларының
мемлекеттiк балансы бойынша ақпарат мемлекеттiк органдарға бiр данадан
(электрондық және қағаз тасымалдағыштарда) берiледi және көбейтуге жатпайды.
5. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалар қорларының
мемлекеттiк балансы бойынша ақпарат мемлекеттiк органдарға осы Қағидаға
қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
Пайдалы қазбалар қорларының
мемлекеттiк балансы бойынша
мемлекеттiк органдарға
ақпарат беру қағидасына
қосымша
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы
бойынша ақпарат берудiң нысаны
р/с
№
Пайдалы қазбалар
Құрамды
өлшеу
бiрлiгi
Орташа
мазмұны
Баланстық
қорлар
Баланстан
тыс қорлар
Өсу/кему
1
2
3
4
5
6
7