1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Азаматтық қоғам: түсінігі мен міндеттері (функциялары)



бет7/91
Дата29.11.2022
өлшемі343,11 Kb.
#53426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91
Байланысты:
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

7. Азаматтық қоғам: түсінігі мен міндеттері (функциялары). Азаматтық қоғам кез келген нағыз демократияның, құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Ол демократияның қалыптасуына ықпал етіп, оны сақтаудың, нығайтудың кепілі. Мемлекетте тоталитаризмнің дамуының басты қарсыласы азаматтық қоғам болып табылады. Азаматтық қоғам – қоғамның өмір сүруінің барлық саласында ерікті түрде құрылған мемлекеттік емес құрылымдар (бірлестіктер, ұйымдар, ассоциациялар, одақтар, орталықтар, клубтар, қорлар) желісі арқылы көрінетін демократиялық мемлекеттерде қалыптасып, дамитын адамзат қауымдастығы және мемлекеттік емес экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, діни т.б. қатынастардың жиынтығы. Азаматтық қоғам – дамыған, жетілген қоғам, ол адамның жан-жақты, қысымсыз дамуына мүмкіндік береді.
Азаматтық қоғамның белгілері: 1) адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының толық қамтамасыз етілуі; 2) өзін-өзі басқару (ұйымдардың, бірлестіктердің өзін-өзі басқаруы); 3) азаматтық қоғамды құрайтын адамдардың түрлі құрылымдары мен топтарының бәсекелестігі; 4) ерікті түрде қалыптасатын қоғамдық пікір мен плюрализм; 5) адамның ақпаратқа деген құқығының іс жүзінде қамтамасыз етілуі және тұрғындардың жаппай ақпараттануы; 6) экономиканың көп укладтығы, меншіктің түрлі формалары; 7) биліктің легитимдігі және демократиялық сипаты; 8) құқықтық мемлекеттің болуы; адамдардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттің мықты әлеуметтік саясаты.
Азаматтық қоғамның құрылымы: мемлекеттік емес әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік); мемлекетке тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар т.б.); қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар; саяси партиялар мен қозғалыстар; мемлекеттік емес білім беру және тәрбие саласы; мемлекеттік емес БАҚ жүйесі; отбасы, шіркеу.
Азаматтық қоғамның жетілгендігінің көрінісі оның құрылымының болып қана қоюы емес, сонымен бірге оларға көптеген адамдардың тартылуы, Жеке меншік – жеке адамның және бүкіл қоғамның бостандығының алғы шарты, жеке меншікпен байланысты қатынастар азаматтық қоғамның өзегі болып табылады. Бұл қатынастарға адамдар неғұрлым көптеп тартылса, соғұрлым азаматтық қоғам күштірек, тұрақты болады, ал мемлекеттің қызметінің өрісі тарыла түседі.
Азаматтық қоғам табысты қызмет етуі үшін қажетті шарттар, жағдайлар: 1) экономикалық – меншіктің болуы. Азаматтық қоғамның әрбір мүшесінің меншігі болуы тиіс, соның арқасында ол тәуелсіз азаматқа айналады. Экономиканың көпукладтылығы, еркін нарық, бәсекелестік; 2) саяси-құқықтық – азаматтардың құқығы жағынан теңдігі, адамның құқықтары мен бостандықтарының іс жүзінде қамтамасыз етілуі, саяси плюрализм, түрлі саяси топтардың, одақтардың, партиялардың, қысымшы (мүдделі) топтардың болуы; 3) мәдени – білім және мәдени деңгейдің жоғары болуы, ақпаратқа қолжетімділік, жоғары құқықтық мәдениет, білімнің дамуы, дәстүрлерге сүйену; 4) әлеуметтік – орта таптың болуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет