1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет90/91
Дата29.11.2022
өлшемі343,11 Kb.
#53426
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

1) Латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажет. 2025 ж. бастап барлық салаларда латыншаға көшу басталады. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­м, білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты. Мектептегі балалар ағылшын тілін оқып, латын әріптерін үйреніп жатыр. Жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде уақытша кириллица да қол­данылады.
2) Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алынады. Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасалуы тиіс. Гуманитарлық білім бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз.
3) Патриотизм туған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. «Туған жер» бағдарламасын қолға алынып, ол «Туған елге» ұласады. Бағдарламаның мәні: 1) білім беруде өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсартуға, елді мекендерді абаттандыруға баса мән беру, жергілікті тарихи ескерткіштер, мәдени нысандарды қалпына келтіру; орта мектепте туған жердің тарихын оқыту, есімдері ел есінде сақталған перзенттерін жас ұрпақ білуі тиіс; 2) басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері, жастарды ұйымдастырып, қолдау; 3) жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен, жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс. Қалаларды көгалдандыру, мектептерді компьютерлендіру, жергілікті жо­ғары оқу орындарына демеушілік жасау, музейлер мен галереялар қорын байыту. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
4) Халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, өркениеттің қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз тарихымызда қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Еліміздегі ескерткіштер, ғимараттар, көне қалаларды қалпына келтіру. Сонымен бірге Ұлытаудағы жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар, Жеті­судың киелі мекендерін т.б. жерлер­ді сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру қажет. Олар халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды. Бізге жат идеологиялардың артында басқа халықтардың құндылықтары, символдары тұр, біз оларға өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет