1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Егеменділік: түсінігі және белгілері



бет23/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

20. Егеменділік: түсінігі және белгілері. Егеменділікбиліктің белгілі бір аумақты, белгілі бір уақыт ішінде басқару құқығы, мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаттағы тәуелсіздігі. Мемлекет аумағының көлеміне, тұрғындарының санына, саяси режиміне қарамастан егеменділікке ие болады.
Мемлекеттің егеменділігінің негізгі белгілері: 1) мемлекеттік биліктің жоғарылығы; 2) дербестік пен тәуелсіздік; 3) аумағының бірлігі және тұтастығы.
Мемлекеттік биліктің жоғарылығы мынаны білдіреді: мемлекеттің жоғары билігі өз аумағындағы бүкіл азаматтарға, қоғамның барлық құрылымдарына таралады; саясаттың басқа субъектілері ие болмайтын ықпал етудің құралдарын қолданудың монополиялық құқығы (мәжбүрлеу, күштеу құралдары, өлім жазасына дейін қолдану); барлық тұрғындарға тиісті жалпыміндетті заңдарды шығара, өзгерте алады.
Мемлекеттік егеменділік оның аумағының бірлігі мен тұтастығы, аумақтық шекараларының мызғымастығы, сыртқы күштердің мемлекеттің ішкі істеріне араласпауы сияқты маңызды принциптерді өзіне қамтиды. Егер де қандай болсын шетелдік мемлекет немесе сыртқы күш мемлекеттің шекараларын бұзса немесе оны оның халқының ұлттық мүдделеріне сай келмейтін шешімді қабылдауға мәжбүрлесе, онда оның егеменділігі бұзылды деп саналады. Бұл мемлекеттің әлсіздігін, оның өз егеменділігін және ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қамтамасыз етуге қабілетсіздігін көрсетеді.
Адам үшін оның құқығы мен міндеттері қаншалықты маңызды болса, мемлекет үшін егеменділік те соншалықты маңызды болып табылады. Мемлекеттің егеменділігінің экономикалық, саяси және құқықтық жақтары бар. Мемлекеттің егеменділігінің экономикалық негізіне оның белгілі бір аумақты, меншікті, мәдени мұраны және т.б. иеленуі жатады. Егеменділіктің саяси негізі тұрақты, қалыптасқан мемлекеттің, биліктің дамыған, толыққанды саяси ұйымының болуынан көрінеді. Егеменділіктің құқықтық негізі конституция, заңнама, декларациялар, мемлекеттердің теңдігін, олардың аумақтық тұтастығын, ішкі және сыртқы істеріне араласпауды, ұлттардың өзін-өзі билеуі құқығын анықтаған халықаралық құқықтың жалпы мойындалған принциптері болып табылады.
Егеменділік жоқ болса, мемлекет те болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет