1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Әскери қауіпсіздік: түсінігі және мазмұны



бет42/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

40. Әскери қауіпсіздік: түсінігі және мазмұны. Әскери қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, ол әскери күштерді қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы, ішкі қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Әскери қауіпсіздік: 1) мемлекеттің қорғаныс қабілетінің қажетті деңгейін сақтап тұрумен; 2) ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік дайындығын сақтап тұрумен; 3) экономиканың жұмылдыру дайындығы мен елдің халқын жұмылдыруға даярлаудың тиімді жүйелерін құрумен; 4) қауіпсіздіктің өңірлік және халықаралық құрылымдарының шеңберіндегі әскери ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды кеңейтумен, әлемде өзара сенімді күшейту және әскери қауіптілік деңгейін төмендету мақсатында ядролық қарусыздану бастамасын ілгерілетумен; 5) Азаматтық қорғаныстың ел халқы мен аумағын қорғау дайындығын сақтап тұрумен қамтамасыз етіледі.
41. ҚР-ғы ұлтаралық жағдайының жалпы сипаттамасы. Этносаралық және дінаралық келісім кез келген қоғамның тұрақтылығының негізі болып табылады. ҚР Конституциясы бойынша нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне байланысты қандай да болсын дискриминацияға (құқығын шектеуге) тыйым салынған.
Қазақстан көпұлтты мемлекет. Оның халқының ұлттық құрамына назар аударсақ, республикада қазақтардан басқа 140-қа жуық ұлттың өкілдері тұрады. 2018 ж. 1 наурыздағы мәліметтер бойынша, Қазақстан тұрғындарының жалпы саны – 18 млн. 195900 адам (63-орын, тығыздығы бойынша 184-орын). Оның ішінде қазақтар – 67,47 %, орыстар – 19,76%, өзбектер – 3,18%, украиндар – 1,53%, ұйғырлар -1,46%, татарлар – 1,11% және т.б.
Сондықтан ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелердің бірі.
Еліміздегі ұлтаралық қатынастар моделі елдегі ұлттық саясат арқылы анықталады. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері ұлттық саясатының негізгі қағидалары: қазақ халқының ұлт ретінде қайта өрлеуі (ұлттық тәуелсіздігі, мемлекеттілігінің, тарихы, тілінің, мәдениеті, салт-дәстүрінің дамуы) және Республиканың барлық азаматтары біртұтас Қазақстан халқын құрайды, олардың барлығы ұлтына қарамастан тең құқықты. Елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі; ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі. Қоғам дамуының басты құндылықтары: азаматтық қоғам, демократия, нарықтық қатынастар, идеологиялық плюрализм. Қазақстан – бейбітсүйгіш ел.


Қазақстандағы ұлтаралық тұрақтылықты сақтауда 1995 жылдың 1 наурызында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) үлкен рөл атқарады. Ассамблея елдегі бүкіл этнос өкілдерінің мүдделерін білдіреді, республикадағы барлық ұлттық-мәдени орталықтарды қамтиды, оның маңына 23 республикалық және 470 аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер біріккен. Бастапқыда Ассамблея ҚР Президенті жанындағы кеңесші орган ретінде құрылды. Ал 2007 ж. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығына ие болды. Ассамблеяға Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың 394 өкілі кіреді. Ассамблеяның төрағасы ел Конституциясының кепілі – ҚР Президенті болып табылады. Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамды біріктіру, нығайтуды қамтамасыз ету бағытында тәжірибелік ұсыныстар жасайды.
Бүгінде Қазақстандағы барлық этникалық топтар жоғары азаматтық-құқықтық және қоғамдық статусқа ие. Олар ұлттық азшылықтар ретінде емес, Қазақстан халқының теңқұқықты және бөлінбес бір бөлшегі болатын этностар ретінде саналады. Бұл жағдай мемлекетті құраушы қазақ халқының толеранттылығы дәстүрі арқасында қалыптасты.
Тәуелсіздік жылдары ұлтаралық негізде күрделі жанжалдар болған жоқ. Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар тұрақты. Елде 100-ден аса ұлттық мектеп, 170 демалыс күнгі мектеп жұмыс істейді, оларда 23 Қазақстан халықтары тілдері оқытылады. Қазақстанда 4 республикалық, 15 аймақтық ұлттық газет, 6 ұлттық театр (қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, корей, өзбек) жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет