1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет51/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

«Религия» (дін), сөзінің шығуының бастапқы мәні «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдасуын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Дiннiң функциялары: дүниетанымдық, компенсаторлық (жұбатушылық), коммуникативтi, реттеушi, интеграциялаушы-дезинтеграциялаушы, мәдениет тасымалдаушы.
Діннің дүниетанымдық функциясы адамға, қоғамға, табиғатқа деген белгiлi бiр көзқарастарды қалыптастырады.
Дiннің компенсаторлық функциясы шектеулiк, тәуелдiлiк, адамдардың дәрменсiздiгiнiң орнын сананы қайта құру арқылы, тiршiлiк етудiң объективтiк жағдайларын өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Компенсацияның психологиялық қыры – стресстi алу, жұбату, рухани ләззат алу маңызды болып табылады.
Дiн қарым-қатынасты қамтамасыз етедi, коммуникативтi функцияны жүзеге асырады. Қарым-қатынас дiни емес және дiни әрекеттер мен қатынастарда қалыптасады, ақпаратпен алмасу, өзара әрекеттесу, адамды адамның қабылдауы процестерiн қамтиды. Дiндарлардың бiр-бiрiмен; дiндарлардың Құдаймен, перiштелермен, өлген адамдардың жандарымен қарым-қатынасы.
Дiннiң реттеушi функциясы белгiлi бiр идеялар, құндылықтар, нұсқаулар, таптаурындар, пiкiрлер, дәстүрлер, институттардың көмегiмен жеке адамдардың, топтардың, қауымдардың әрекетiн және қарым-қатынастарын, санасын және жүрiс-тұрысын басқаруды жүзеге асырудан көрiнедi. Әсiресе, нормалар (дiни құқық, мораль), үлгiлер (елiктеу үшiн көптеген мысалдар), бақылау (нұсқаулардың жүзеге асуын қадағалау), марапаттау мен жазалау (өлiмнен кейiнгi тiршiлiкте берiлетiн игiлiктер) жүйесiнiң маңызы өте зор.
Интеграциялаушы-дезинтеграциялаушы функциясы бiр қарым-қатынаста жеке адамдарды, топтарды, институттарды бiрiктiредi, ал басқасында бөлектендiредi. Интеграция тұлғаның, жеке әлеуметтiк топтардың, мекемелердiң және жалпы қоғамның тұрақтылығына, орнықтылығының сақталуына септессе, дезинтеграция олардың әлсiреуiне әкеледi.
Дiн мәдениеттiң құрамдас бөлiгi бола отырып, мәдениет тасымалдаушы функция атқарады. Ол мәдениеттiң белгiлi бiр қабаттары – жазбаның, кiтап баспасының, өнердiң дамуына септеседi, дiни мәдениет құндылықтарының қорғалуы мен дамуын қамтамасыз етедi, жинақталған мұраның ұрпақтан ұрпаққа берiлуiн жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет