1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қазақстан Республикасы өкілді билігінің сипаттамасы



бет17/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

14. Қазақстан Республикасы өкілді билігінің сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы жоғары өкілді орган, бұл – ҚР Парламенті, ол мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі болып табылады, республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады, тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат (жоғары) пен Мәжілістен (төменгі) тұрады.
Конституция бойынша ҚР Парламенті Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, Конституциялық заңдар қабылдайды, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының Үкімет бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамайды; соғыс және бітім мәселелелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды т.б. 


Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан (14), республикалық маңызы бар қаладан (Алматы) және Қазақстан Республикасының астанасынан (Астана) 2 адамнан өкілдік ететін депутаттардан және Республика Президенті тағайындайтын 15 депутаттан құралады (барлығы 47 (32+15) депутат). Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде (маслихат депутаттары сайлайды) жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенаттың өкілеттілігі – 6 жыл. Сенат төрағасы (спикері) – Қасымжомарт Тоқаев.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан (98+9) тұрады. Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады, ал Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжілістің өкілеттілігі – 5 жыл. Мәжіліс төрағасы – Нұрлан Нигматуллин.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және оның аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы 30-ға толған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы 25-ке толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.


Жергілікті өкілдік органдармаслихаттар болып табылады, олар әкімшілік-аумақтық бірліктер тұрғындарының еркін білдіреді, жалпымемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оларды жүзеге асыру шараларын анықтайды, бақылайды.

2017 ж. 25 қаңтарда жарияланған ҚР Президенті билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуінде көрсетілгендей, елімізде жүргізіліп жатырған конституциялық реформа бойынша, заң шығарушы билік – парламенттің рөлі күшейтілмекші.
Парламенттің Үкімет жасақтаудағы рөлін күшейтіліп, Министрлер Кабинетінің парламент алдындағы жауапкершілігі артты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет