1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Экономикалық қауіпсіздік: түсінігі және мазмұны



бет37/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

35. Экономикалық қауіпсіздік: түсінігі және мазмұны. Экономикалық қауiпсiздiк – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, ол экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі болып табылады.

Экономикалық қауіпсіздік мыналарды: 1) мемлекет қаржы жүйесінің тұтастығын, тәуелсіздігін және орнықты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, оның нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалу жай-күйін көздейтін қаржылық қауіпсіздікті; 2) мемлекет тұтынудың және демографиялық өсудің физиологиялық нормаларын қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы және қауіпсіз азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алатын экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің қорғалу жай-күйін көздейтін азық-түлік қауіпсіздігі; 3) мемлекет қоғам мен мемлекеттің энергия ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін энергетикалық тәуелсіздік пен экономиканың жылу-энергетикалық, мұнай-газ және энергетикалық кешендерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, нақты және ықтимал-қауіп-қатерлерден қорғалу жай-күйін көздейтін энергетикалық қауіпсіздікті; 4) мемлекет автомобиль, темір жол, әуе, теңіз және өзен көлігі түрлерімен тасымалдарда және олармен байланысты қызметтерде экономика мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауды, көлік инфрақұрылымын қалыптастыруды және дамытуды, сондай-ақ транзит әлеуетін орнықты дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін қамтуды қамтамасыз етуге қабілетті, нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден экономиканың көлік саласы қорғалуының жай-күйін көздейтін көлік қауіпсіздігін қамтиды.

+Экономикалық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері: экономиканың үздіксіз, тұрақты, прогрессивті дамуы, өсуі, инфляция (ақшаның құнсыздануы) мен жұмыссыздықты болдыртпау, экономиканың тиімді құрылымын және дамыған құнды қағаздар нарығын қалыптастыру, бюджеттің тапшылығын мен мемлекеттік қарызды қысқарту, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы мен өмір сүру сапасын көтеру, ұлттық валютаның тұрақтылығын қолдау т.б.
Экономикалық қауіпсіздікке төнетін ішкі қауіп-қатерлер: 1) ғылыми-техникалық салада (ғылыми-техникалық потенциалдың құлдырауы, жаңалықтарждың аз болуы, мемлекеттің ғыл.-тех. саясатының анық болмауы, ғылыми кадрлардың шетелге не басқа салаға кетуі); 2) экономикалық салада (өндірістің негізгі салаларындағыөндірістің қысқаруы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, ішкі қарыздың көп мөлшерде болуы, энергетикалық дағдарыс, еңбек өнімділігінің төмен болуы, инфляция мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, «көлеңкелі экономиканың» өсу, тұрғындардың сатып алу қабілетінің төмен болуы, тұрғындардың салықты жаппай төлемеуі т.б.); 3) әлеуметтік салада (кірістердегі алшақтықтың төмендеуі, кедейшілік, азық түліктің сапасының төмендеуі, білім беру мен медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділіктің төмендеу, өмір сүру сапасының төмендеуі, тұрғындардың көп бөлігінің әлеуметтік жағынан қорғалмауы, туудың азаюы, өлімнің көбеюі, бақылаусыз көші-қон процестері).

Экономикалық қауіпсіздікке төнетін сыртқы қауіп-қатерлер: импортқа тәуелділік, жағымсыз сыртқы экономикалық сальдо (белгілі бір уақыт ішіндегі кірістер мен шығыстар арасындағы айырмашылық; ел шетелге көп сатқаннан гөрі шетелден көп сатып алады), шикізат ресурстарын сыртқа шектен тыс шығару, сыртқы нарықтардағы позицияны жоғалту, сыртқы қарыздың өсуі, шетелдік несиелерді дұрыс пайлаланбау, валюталық ресурстардың шетелге бақылаусыз ағылуы, олардың шетел банкілеріне салынуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет