1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қоғамдық қауіпсіздік: түсінігі және мазмұны



бет39/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

37. Қоғамдық қауіпсіздік: түсінігі және мазмұны. Қоғамдық қауiпсiздiк – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, ол қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі (азаматтардың, қазақстан қоғамының қорғалуының жай-күйі).

Қоғамдық қауіпсіздік мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың: 1) азаматтардың жеке қауіпсіздігін, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдіктерін нығайтуға; 2) қазақстандық отаншылдыққа және ұлтаралық келісімге негізделген мемлекеттік идеологияны қалыптастыруға; 3) Қазақстан халқының бірлігін және қоғамда тағаттықтылықты нығайтуға; 4) халықтың табиғи өсімін сақтап тұруға және дағдарысты демографиялық процестерге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде уақытылы шаралар қолдануды қамтамасыз етуге; 5) қылмысқа, оның ішінде оның ұйымдасқан нысандарына, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы күресті күшейтуге; 6) жұмыссыздықтың өсуін және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуін тежеуге; 7) халықтың денсаулығы мен имандылығына, Қазақстан халқының гендік қорына қауіп төндіретін нашақорлықтың, уытқұмарлық пен маскүнемдіктің, сондай-ақ басқа да әлеуметтік факторлардың алдын алуға; 8) елдің зияткерлік әлеуетінің төмендеуіне жол бермеуге; 9) қазақстандық қоғамның тарихи, дәстүрлі, рухани және мәдени құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етуге; 10) заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған шешімдерімен іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.

+Қоғамдық қауіпсіздік – әлеуметтік-құқықтық ұғым, ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, тұлғаның (өміріне, денсаулығына, мүлкіне), қоғамның, мемлекеттің мүдделерінің ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалуы, (яғни бұл қауіп-қатерлерді болдыртпау және жоюмен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы).

Қауіпсіздіктің негізгі объектілері – тұлға (оның құқықтары, бостандықтары), қоғам (материалдық және рухани құндылықтары), мемлекет (оның конституциялық құрылысы, егемендігі, аумақтық тұтастығы) болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздік қоғамдық тәртіппен (қоғамның әрбір мүшесінің қоғамда қалыптасқан құқықтық, моральдық нормаларға сай қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп) тығыз байланысты, себебі қоғамдық тәртіпті нығайту қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырады, құқықтық, моральдық нормалардың сақталуы қоғам мүшелерінің күнделікті өмір сүруі мен қызметін қамтамасыз етеді. Мемлекет жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігінің кепілі ретінде қаралады, ол өзінің әлеуметтік, құқықтық және т.б. функциялары арқылы тұлға мен бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қоғамдық қауіпсіздік мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асырылады, әсіресе, ішкі істер органдарына, полицияға, төтенше жағдайлардың салдарларын жою қызметі.

Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік ұғымдары арасындағы айырмашылық, қоғамдық тәртіп – құқықтық және моральдық нормалар арқылы қамтамасыз етіледі, ал қоғамдық қауіпсіздік құқықтық және техникалық нормалар арқылы ғана қамтамасыз етіледі.

Қоғамдық тәртіптің бұзылуы адамдардың қоғамда қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді, бір-бірін тудырады. Екеуі де азаматтар мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік тәртіпті орнатуға бағытталған.

3Қоғамдық тәртіп адамдардың өмірі үшін жағымды жағдайларды қалыптастырады. Азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін, шаруашылық қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондықтан кез келген мемлекет қоғамдық тәртіпке мүдделі, онсыз оның әлеуметтік-экономикалық дамуы мүмкін емес.



Қоғамдық қауіпсіздік тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің қоғам үшін қауіпті әрекеттерден және әлеуметтік қақтығыстар, бақылаусыз көші-қон, стихиялық апаттар, авариялар, өрт, жұқпалы аурулар (эпидемия) және т.б. тудырған төтенше жағдайлардың жағымсыз әсерінен қорғалуының жай-күйі. Тар мағынасында алғанда, қоғамдық қауіпсіздік деп азаматтардың кримогендік (қылмысты тудырушы) жағдайлардан, табиғи және техникалық аномалиядан (ауытқу, бұзылудан) қорғалуы түсініледі. Сондықтан, қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуы ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден туындайды. Қоғамдық қауіпсіздік ішкі істер органдарының қорғау объектісі болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздікке транспорттың автомобиль, темір жол, әуе т.б. түрлерін пайдалану ережелері, құрылысты жүргізу, жол, жөндеу т.б. жұмыстар барысында, өрт қаупін тудыратын объектілерді пайдалану ережелері, сонымен қатар қару-жарақ, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды, улы заттарды, радиоактивті изотоптарды, түрлі түсті көшірме құралдарын, компьютерлік жүйелерді т.б. бағдарламалық заттарды қолдану ережелері бұзылған кезде төнетін қауіп-қатерлер жатқызылады.

Қоғамдық және азаматтардың қауіпсіздігіне көпшілікке арналған шаралар өткізілетін жерлердегі оларды өткізуге деген дайындықтың болмауы, адамдардың көптеген топтарының қозғалуын реттеу шаралары дер кезінде жасалмаған жағдайда т.б. төнеді. Қоғамдық және тұлғаның жеке басына қауіптің белгілері стихиялық апаттар және басқа да төтенше жағдайлар барысында да орын алады.
Қоғамдық қауіпсіздікке криминогендік (қылмыс тудырушы) факторлар, қылмыс, мемлекеттік билік органдары, оның ішінде милиция, мемлекеттік есірткі бақылауы, басқа да құқық қорғау органдары өкілдеріне қатысты қылмыстық террор да нақты қауіптер туғызады.

Қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіптерге саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстардың, оның ішінде фашистік, діни құрылымдардың әрекеттері, саяси экстремизм, терроризм, қоғамдық тәртіпті топтық және жаппай тәртіпсіздіктер арқылы бұзуға бағытталған әрекеттер, билік орындарына бағынбау т.б. жатады.



Қоғамдық қауіпсіздікке жол-көлік апаттары, авариялар, апаттар, бұзылған көліктердің жолға шығарылуы, транспортты ішімдік немес есірткі қолданған күйде жүргізу, тұлғаның өмірінің, мүлкінің өрттен сақталмауы да қауіп төндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет