1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет62/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

«Қазақстан-2030» құжатында қамтылған басымдықтардың орындалуына, оның ішінде 7 бағыт бойынша іске асырылған жұмыстардың қорытындылары.

1-бағыт: Ұлттық қауіпсіздік. «Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы тоқталған екінші басымдық ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік. Бұл бағытта Қазақстан өзінің саясатын нығайтып қана қоймай, әлемдік қауымдастыққа үлгі ел ретінде саналатыны да бекер емес. Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналғаны белгілі. Әлемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі біздің елімізде өтті. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының көпірі болуға тиіс» деп атап өтті. «Қазақстан-2030» Стратегиясында басты назар (3-бағыт) экономикалық өсуге аударылған болатын. Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. Елдің ІЖӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Стратегиядағы тағы бір басымдық (4-бағыт) - ел азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру болатын. Мұнда да атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі. Мәселен, орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өскен. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейінгі өсімі де соның айғағы.
Бұлардан бөлек, Мемлекет басшысы (5-бағыт) энергетикалық ресурстар саласындағы межелердің атқарылуын, инфрақұрылым, оның ішінде көлік пен байланыс (6-бағыт) саласындағы басымдықтардың орындалғанын, ең ақыр аяғы кәсіби мемлекеттің (7-бағыт) құрылуының жай-жапсарын да егжей-тегжейлі баяндады.

(2-бөлім) Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалғандығын, ал кейбіреулерінің орындалу үстінде екендігіне тоқталған мемлекет басшысы құжаттың 2-бөліміне көшіп, бүкіл әлемдік дамудағы 10 негізгі жаһандық сын-қатерлердің елімізге де өз ықпалын тигізіп отырғандығына тоқталды.
Олар мыналар: 1-сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі. Қазіргі кезде әлем тез өзгеруде. Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны 3 есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларында жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық. Бірақ әлі де жаңғырту процесіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оларға қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет