1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздіктің күшеюі



бет63/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

2-сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздіктің күшеюі. Адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін 60 жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы еңбек нарығындағы проблемаларға, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне әкеледі. Демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі. Елімізге заңсыз еңбек мигранттарының көптеп келуі еңбек нарықтарын тұрақсыздандыруда. Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар. Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Біздің әрқайсымыздың өзіміз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз бар.

3-сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер. Әлемдегі халық санының жоғары қарқынмен өсуі азық-түлік проблемасын шиеленістіріп отыр. Біз үшін бұл сын-қатер астарында үлкен мүмкіндіктер бар. Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушымыз. Біз экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз. Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау өз қолымызда, ол үшін жаңа ой-сана қажет.

4-сын-қатер – судың тым тапшылығы. Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. 2050 жылға қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Су – шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін шиеленіс пен жанжалдар болып жатыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Қазірдің өзінде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануға байланысты мәселелер бар.

5-сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік. Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда. 2050 жылға қарай оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50%-на дейін өндіруге мүмкіндік береді. Біздің еліміз мұнай мен газдың аса ірі қорын иеленеді. Еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестігі мен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатын жалғастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет