1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-бағыт: Білім және кәсіби машық – заманауи білім жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары



бет67/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

4-бағыт: Білім және кәсіби машық – заманауи білім жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең озық өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Балаларымыз сауатты, қазіргі заманға бейімделген болуы аса маңызды. Балаларды мектепке дейінгі білім беру, тәрбиемен 100% қамтамасыз етуіміз қажет. Инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ұлттық экономиканың қазіргі, келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы тиіс. ЖОО білім берумен шектелмей, қолданбалы, ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы, дамытуы қажет. Жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру. ЖОО-да 2-курстан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту. Оқыту әдістемелерін жаңғырту. Білім берудің онлайн-жүйелерін дамыту. Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сұраныс көп, болашағы бар бағыттарды күшейту. Орта және ЖОО-рында тәжірибелік машықтарға үйрету, тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосу. Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, курстарын, институттарын құру.

5-бағыт: Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту. Басқаруды орталықсыздандыруымыз керек, яғни шешім қабылдау үшін құқықтар, ресурстарды орталықтан өңірлік билікке беру. Бұл азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Мәслихат арқылы ауыл әкімдері сайланатын болады.
Мемлекеттік қызметке азаматтарды кәсіби біліктілігіне, қол іс келетіндігіне (меритократия) қарай ашық түрде таңдап алуымыз қажет. Мемлекеттік қызметші биліктің бір сатысынан екіншісіне өзінің білімін, кәсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады. Мемлекеттік аппарат пен бизнестің өзара әрекеттесуінің жаңа жүйесін құруымыз керек. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет