1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет72/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92
4-бағыт. Біртектілік пен бірлік (85-90 қадам). «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу. Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасын әзірлеп, жүзеге асыру, ол қазақстандықтардыӊ біртектілігін нығайтады. ҚР-ныӊ туристік саласын дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана - Еуразия жүрегі», «Алматы - Қазақстанныӊ еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаӊғырту», «Каспий қақпасы» өӊірлік мәдени-туристік кластерлерін құру.

«Менің елім» ұлттық жобасын жүзеге асыру. «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру: әрбір азаматқа және шетелдік туриске ел туралы көбірек білуге көмектесу. Порталға Қазақстан бойынша 3d бейне турлары, елдіӊ тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардыӊ өмірі туралы ақпараттар орналастырылады.

Жалпыға ортақ еӊбек қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу, жүзеге асыру, ол "нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттыӊ арқасында еӊбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардыӊ (біздіӊ заманымыздыӊ батырларыныӊ) табыстарыныӊ дербес тарихын ескере отырып, жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудыӊ және «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардыӊ артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.

«Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу, жүзеге асыру. Мектептік білім берудіӊ бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу. Бес институттық реформа, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттыӊ жаӊа буындарындағы, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту, ілгерілету.

5-бағыт. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру (91-100 қадам). Мониторингтіӊ, бағалау мен бақылаудыӊ стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу. Бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. Мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру, мемлекеттік бағдарламаларды қосып, санын қысқарту. Аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау 3 жылда бір рет жүргізілетін болады. Мемлекеттік органдардыӊ нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады.
«Ашық үкіметті» енгізу. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды әзірлеу, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заӊмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттыӊ ашықтығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар басшыларыныӊ халық алдында стратегиялық жоспарлар,и аумақтық даму бағдарламаларының маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және олардыӊ есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу. Ұлттық ЖОО-лар басшыларыныӊ өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс берушілер, қоғам өкілдері мен БАҚ алдында жылма-жыл есеп берулерін тәжірибеге енгізу.
Орталық мемлекеттік органдардың статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитініӊ нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтіӊ сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттіӊ орындалуы туралы есеп жарияланатын болады.
Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маӊыздағы қала деӊгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады. Облыс орталықтарында және республикалық маӊыздағы қалаларда азаматтардыӊ тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуыныӊ тетіктері жұмыс істейді.
Мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін заӊмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.

Канададағы Сanada service және Австралиядағы Сentrelink үлгісі бойынша «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады. Мемлекеттік қызметті сапа менеджменті ISO 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет