1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет74/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92
Аумақтық жаһандану – мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі, яғни мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтардың құрылуы. Мысалы, Еуропалық одақ.

Жаһандық ақпараттық кеңістік. Ғаламтор желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртұтас ақпарат кеңістігі. Ғаламторды қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, радио, теледидар, электронды пошта, электронды сауда, телеконференциялар, хабарландырулар тақтасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады. н
Жаһанданудың жағымды салдарлары: экономиканың тез дамуы, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтардың өндіріске, қоғамдық өмір салаларына енгізілуі. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін – өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде.
Жаһанданудың жағымсыз салдарлары. Жаһандану жаһандық теңсіздікке – мемлекеттердің дамуындағы теңсіздікке әкеліп отыр. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге, халықтарға әртүрлі әсер етеді. Жаһандану дамушы елдердің дамуына жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен бірге үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған елдердің, олар құрған ұйымдардың (Дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық валюталық қор) «ойын ережелеріне» бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік жаһандық экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады.
Сонымен бірге жаһандануды жақтаушылар қазіргі кездегі процестер және олардың жағымсыз салдарлары табиғи сипаттағы процестер және оларды басқару мүмкін емес дейді. Ал жаһандануды сынаушылар, керісінше, ірі мемлекеттер жаһанданудың жағымсыз салдарларын азайта алады дейді. Олардың пікірінше, тойып тамақтанбау, ашаршылық, өткір тапшылық, табыс көлеміндегі алшақтық, қайыршылық, ЖИТС, сауатсыздықтың жағымсыз салдарын біліммен, демократиямен, «жасыл төңкеріспен», үкіметтік шаралармен, технологиялық алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен көмектермен, әділ еркін сауда және халықаралық экономикалық саясатпен, протекционистік саясат, әлемдік валюталық жүйені реформалау, қарыздарды қысқарту мен кешіру, үлкен адамгершілікпен жеңуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет