2. Саяси билік: түсінігі, көздері және мазмұны. Билік – бір әлеуметтік субъектілердің екіншілеріне өз еркін жүргізіп, олардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына түрлі құралдар арқылы ықпал ете алу қабілеті, мүмкіндігі. Биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада айқындалады. С/ б деп жеке адамның, топтың, таптың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу қабілетін айтады. Саяси биліктің ең жоғарғысы, ең толық дамыған түрі, оның өзегі – мемлекеттік билік. С/бтек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақ, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО) сияқты саяси жүйенің басқа да элементтері арқылы да көрінеді.