Биліктің құрылымына: көздері, ресурстары, субъектісі, объектісі, функциялары кіреді. Биліктің қайнар көздері деп биліктің субъектісінің еркі, билігі негізделетін әлеуметтік факторларды айтады. Оларға бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, құпия, мүдде, білім, ақпараттық мәліметтер жатады.
Биліктің қайнар көздері деп биліктің субъектісінің еркі, билігі негізделетін әлеуметтік факторларды айтады. Оларға күш, байлық, білім, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, бедел, заң, құпия, мүдде, харизма, білім, ақпараттық мәліметтер жатады.
Күш басынан бастан биліктің негізі болды. Биліктің бұл көзі өз дегеніне жетуде қорқыныш факторына сүйенеді. Дене күші арқылы көп адамды қорқытып, бәсекелестеріне өз еркін таңа алады. Күш, зорлық-зомбылық – биліктің тұрпайы көзі (дене күшін қолдану, отбасындағы әкенің деспоттық билігі, қылмыскердің өз құрбандарына билігі, қару, ұйымдасқан топ, күш қолдану қаупімен қорқыту). Тікелей күштеу, мәжбүрлеу әдісін мемлекет те қолданады, алайда оның билігі заң негізінде жүргізіледі). Күш бүгінде биліктің негізгі көзі.
Байлық бұрыннан бері биліктің көзі болып табылады, себебі оны иеленушілер адамдарды өмір сүру үшін қажетті нәрселермен қамтамасыз етеді. Ал байлықтың иелері өздеріне материалдық жағынан тәуелді адамдарды өздеріне бағындырады. Биліктің бұл көзі жеке адамның немесе топтың мүдделілігіне сүйенеді. Қазіргі заманда байлық өздігінен биліктің тікелей көзі болмауы мүмкін. Алайда байлықты иеленушілердің билікке ықпал етуге деген қолжетімділігі өте жоғары. Мысалы, БАҚ-ның қызметін жақсы қаржыландыру белгілі бір саяси топтың үстем жағдайын қамтамасыз етуде шешуші фактор болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |