9. Партиялық жүйелер және олардың түрлері. Партия жүйесідеп – елдегі билік үшін тең бәсеке немесе біріккен күресі арқылы көрініп отыратын партиялардың өзара байланыстарының, қатынастарының жиынтығын айтады. Партия жүйесінің түрлері: бірпартиялық; бір жарым партиялық; екі партиялық; екі жарым партиялық; көппартиялық.
- Бір партиялық жүйе өзінен басқа билік үшін күресетін бәсекелес партияларды болдырмайды, басқа партиялардың құрылуына заң жүзінде тыйым салынған, мұндай жүйеде партиялық және мемлекеттік басшылықтың ұласуы жүзеге асады. Бір партиялық жүйе тоталитарлық, кейде авторитарлық режимдерге тән. Ондай партия бұрын КСРО-да, нацистік Германияда болды, қазір Солт. Корея (КХДР), Кубада бар.