Халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл» партиясы 2015 ж. «Патриоттар» партиясымен «Ауыл» партиясыныңбірігуі негізінде пайда болды. Төрағасы – Әли Бектаев.Мақсаты – ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау, аграрлық секторға мемлекеттік қолдауды күшейтуге атсалысу, еліміздегі саяси және экономикалық реформаларды жүргізуді тездету, тұрақтылықты баянды ету). Халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл» партиясы2016 ж. мәжіліс сайлауында 2% дауыс алып, парламентке өте алмады.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП). Өзін оппозициялық партия деп санайды. Партияның төрағалары – Ж.Тұяқбай, Б.Әбілов. Құндылықтары: демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономика, азаттық, әділдік, ынтымақтастық. 2016 ж. мәжіліс сайлауында партия 1,18% дауыс жинап, парламентке өте алмады.