1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясаттың мәні және табиғаты


сұрақ: Ежелгі замандағы саяси ойлар



бет5/11
Дата07.08.2023
өлшемі65,03 Kb.
#105086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесін-emirsaba.org

1 сұрақ: Ежелгі замандағы саяси ойлар. Адамзат коғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құддырап түсетін де кезендері болады.. Тарихта белгілі ең алгаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырап гүлдену Ежелгі Шығыс - Мысыр /Египет/, Вавилон /Ирак/, Үндістан, Қытай, Парсы / Иран/ елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоктығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың /халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т.б./ қолында болды. «Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді» деген көзқарас қалыптасты.
Үнді елі көне дүниетанымның бірден бір жетік жасалған және толық сақталған жүйесін берді. Біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықта Үнді жеріне арилық тайпалар келді. Ариліктердің келу мерзімінен бастап ең алғашқы мемлекеттер пайда болуға дейінгі уақытты / б.д.7-і ғ./ ведалық кезең деп аталады. Веда көне жазбалы әдеби естелік. Ол – білім, білдіру дегенді аңғартады. Ежелгі Үндінің алғашқы саяси ойының пайда болуының негізгі қайнар көзі – Ведалар болады. Буддизмнің пайда болуы Сиддхартхи Гаутаманың немесе Шакья Муни / б.д.д.563 – 483ж.ж./ өмірі мен байланысты. Кейін ол Будда деп аталып кетті, оның мағнасы – «ақиқатты таныған», «ақиқатқа жеткен» дегенді аңғартады. Будда ілімінің брахманизмнен өзгешелігі ол жеке тұлғаға бағытталуында. Сондықтан буддизмнің психологиялық және этикалық сипаты бар.
Буддизм, дағдарысқа түскен брахманизм білімі мен ырымшылдыққа, және пайдакүнемдікке батқан жоғарғы әлеуметтік жіктерге қарсы әрекет ретінде пайда болды. Будда ведалардың қасиетті қағидаларын мойындамай, ол оған табиғат пен қоғамның рационалдық түсініктерін қарсы қойуға тырысты. Сондай-ақ ол касталар мен патша билігінің құдіреттен жаралғанын жоққа шығара отырып саяси сананы діни сарыннан арылтуға ұмтылды. Буддизм бойынша дүниеде төрт жамандық бар: - ұрлық, біреуді кінәләу, өтірік пен зорлық. Осы жамандықтардан қорғану үшін ел басқаратын басшы сайлау қажет делінген. Мұндай ой сол заманға сай өте прогрессивті болды. Буддизм Маури империясының нығайуына әсерін тигізді. Маурилер империясы дәуірінде Ежелгі Үндінің бірден бір маңызды саяси ойының естелігі пайда болды ол – Каутилидің «Артхашастрасы». «Артхашастра» – ол, билікті қалайша алып оны сақтау туралы ғылым. Оның басқару өнері туралы ақыл-ойы рационалды және шынайы, теологиядан алшақ. Ежелгі Үндінің соңғы саяси ойының қайнар көзі ол: - «Ману Заңы». «Ману Заңы» б.д.д. 2 ғасыр аралығында қалыптасқан. Соңғы екі мыңжылдық уақытта «Ману Заңы» қолданысты тәртіптер жинағы ретінде сақталды. Ведалық әдебиеттерге қарағанда бұл әдебиетте заң туралы материалдар дұрыс жүйеленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет