Атқарушы үкіметпен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент кабылдаған зандардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Саяси билік – саясат туралы ғылымның алтын өзегі, темір қазығы, басты категориясы, түбегейлі түсінігі. Саяси биліктің мәнін, оның механизмдері мен басты принциптерін, әлеуметтік рөлін білу арқылы ғана қоғамдағы санқилы әлеуметтік, экономикалық, рухани және саяси процестердің өзара байланысын, қызмет атқаруын және дамуын жан-жақты түсінуге, олардың ішкі қатпарларына зер салып үңілуге болады. Сондықтан бұл тақырыпқа қатысты мәселелерді қарастыруды мына сұрақтар төңірегіне топтастырған ыңғайлы сияқты.
Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.
Мысалы, сонғысына экономикалық, ата-аналар, корпорациялар және т. б. билігі жатады; құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекетгік, ассоциативтік (партиялық, топтық, жергілікті әкімшіліктің және т.б. билігі) болып, сыртқы саясат қатынастарындағы, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі; 4) биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес (монархиялық — корольдік, патшалық және т. б. —- президенттік), ұжымдық (партиялық, басқарушы топтардың алқалық, халықтық, таптық және т. б. билігі) болып топталады; 5) қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, баска түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел және т. б. билігі болып бөлінеді; 6) әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық және т. с. с. билігі болып жүйеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |