2. Саясирежимдердің мақсат міндеттері Әр режим биліктің мүддесін тікелей көрсететін болғандықтан, өзінің өмір сүруі үшін барынша кең қолдауды қамтамасыз етуді негізгі мақсат етеді. Бұнысы өз алдына биліктің «өзін-өзі сақтау инстинкті» деуге болады, оған тән имманенттік консерватизм, қоғамдық құрылымдарда болуға мүмкін терең өзгерістер алдындағы қорқыныш. Бұл өзгерістерді билік институттары салыстырмалы түрде сирек бастайды, егер ондай болып жатса, ол қатал қажеттілік шамасында ғана және билеуші режимнің жағдайын тұрақтандырудағы жолды іздеу барысында болады. Осыған байланысты келесі пікір таралған, билік өзінің ықпалын сақтаудан немесе нығайтудан басқа мақсат қумайды және қууы да мүмкін емес. Биліктің қоғамдық мақсаттары үшін, азаматтар игілігі мен елдің дамуы үшін жасағандары, өзін растату мақсатында, билік ретінде өзін бекіту мен сақтау үшін жасалады. Бұл мақсатқа жету үшін саяси режим екі негізгі мақсатты орындайды:
Біріншісі – әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Егер билік режимі кейбір себептер бойынша өзіне бұған есеп бере алмаса және жетуі жеткен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге кедергі болса, онда мұндай жағдайдың нәтижесі саяси аренадан билеуші үкіметті алып тастау болып келеді;
Екіншісі – легитимділік билікті қамтамасыз ету (сонымен қатар халықаралық аренадан қолдау іздеу). Кез келген билік нақты әлеуметтік дағдыланған нормалар мен жалпы өмір сүру тәртіптер шеңберінде әрекеттенеді және де өз әрекеттерінде осы нормаларға сүйенеді. Егер көпшілік қауым бұл нормаларды мойындаса және құндылық ретінде қабылдаса, онда билік жүргізіп жатқан режим мықты негізге ие екендігіне сенімді бола алады (легитимділікке ие).
Жоғарыда аталған міндеттер шешіліп отырғанша, саяси режим өмір сүреді. Міндеттердің біреуін болмасын шешу қажеттілігін елемеген кезде немесе тиімді шешпесе, онда саяси режим тұрақты емес болады (шешілмеген міндеттер көбейгенде саяси режимнің тұрақтылық деңгейі төмендейді). Міндеттердің барлығын елемеген кезде және тиімді шешпесе саяси режим құрыйды және басқамен алмастырылады. Саяси режимнің негізгі мақсаты ұстанған жолды сақтау болып келеді, сондықтан өзінің эволюциясында ең жауапты кезеңдерінде реформа мен қалыптасқан билікті сақтау арасында таңдауға мәжбүр. Сондықтан биліктің әрекеттену алгоритмі келесідей болып келеді. Бірінші міндет таңдалады – тұрақтылық немесе реформалар – бұл шешімдер, таңдауды жүзеге асыратындардың пікірі бойынша, режимге тіршілік көзін қамтамасыз етеді. Содан кейін режимнің қарауында бар ресурстар мен қаражаттар ойластырылып таразыға салынады, олар ресурстарды жұмылдыруға көмктеседі. Нәтижесінде нақты стратегия пайда болады, режим алдында тұрған мәселелерді шешу механизмі туындайды.
3. Саяси режимдердің негізгі түрлері
Режимдердің қабылданған классификациясы оларды демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық бөлу болып келеді.
Режимдер өзара билікті жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Антидемократиялық (авторитарлық пен тоталитарлық) көбірек немесе азырақ қатал ортақтандырылған билік пен бақылау жүйелердің болуын болжайды, басқарушы мен басқарылатындардың арасындағы кері байланыстың әлсідігімен ерекшеленеді. Демократия бұл жүйе, нақты өзара алмасу мен тұлғалардың уақытылы ауысуы негізінде «төменнен» жасалған, қоғамды басқаруды жүзеге асыратындар. Демократиялық режим кез келген қоғамдық салаларды (экономикалық, саяси, әлеуметтік) бақылауды тек заң негізінде ғана істей алады.
Тоталитарлық саяси режим – бұл абсолюттік билік режимі, өзінің басқару мен еріксіз реттеу көлемінде олардың барлық әрекеттерін қосқанда, ол азаматтар өміріне шексіз түрде араласады.
Тоталитарлық режим белгілері:
1) Жалғыз көпшілік партияның болуы харизматикалық басшысымен, сонымен қатар партиялық және мемлекеттік құрылымдардың нақты қосылуы. Бұл өз алдына «партия-мемлекет», онда билік иерархиясының алғашқы орынында орталық партия аппараты тұрады, ал мемлекет партия бағдарламасын жүзеге асыратын тәсілі ретінде шығады;
2) билікті монополизациялау мен ортақтыландыру, қашанда да «партия-мемлекетке» деген қатысты бағыну мен адалдық саяси құндылықтары адам әрекеттеріндегі мотивация мен баға беруде моральдық, діни, эстетикалық құндылыққа қарағанда басты болып келгенде, бұл режим шебінде саяси мен саяси емес өмір салалар арасында шекара болмай қалады. Азаматтардың барлық тіршілік әрекеті, жеке өмірі қатал түрде регламенттеледі. Барлық деңгейде билік органдарын қалыптастыру жасырын каналдары арқылы бюрократтық жолмен жүзеге асады;
3) ресми идеологияның бір биліктілігі, көпшілікті және мақсатты иделогиялық әрекеттер әсерімен (БАӘ, оқыту, насихат) қоғамға жалғыз дұрыс, ақиқатты ойлау әдісі ретінде мәжбүрлеп көндіреді. Жеке емес ұжымдық құндылықтарға (мемлекет, нәсіл, ұлт, тап, рулық қауым) сүйеу жасайды. Қоғамдағы рухани ахуалығының ерекшелігі басқаша ойлауға бірбейткелік төзбеушілікпен қарайды;
4) террор басымдылығы, полицей мемлекетінің режимі, негізгі қағида ретінде үстемдік қағида «билік нұсқағаны ғана рұқсат» билейді.
Тоталитарлық режимге коммунисттік пен фашисттік режимдер жатады.
Авторитарлық режим – бұл демократиялық емес мемлекеттік құрылым, жеке тұлға немесе бір топ адамдардың билігімен сипатталады, диктаторлық билік жасау әдістерімен.
Авторитарлық режимнің белгілері:
1) Шексіз, азаматтарға бақылаусыз сипаттағы билік, ол бір адам немесе бір топ адамдардың қолында шұғырланады. Бұл тиран, әскери хунта, монарх және т.б.;
2) Террорды болдырмау. Авторитарлық режим көпшілікті репрессияға жүгінбеуі де мүмкін және кең қауымды халық арасында танымал болуы да мүмкін. Бірақ негізінде ол азаматтарға қатысты кез келген әректтерді жүзеге асыруға өзіне ерік береді, оларды бағындыруға мәжбірлеу үшін;
3) Билік пен саясатты монополизациялау, саяси оппозицияны, ресми тәуелсіз саяси әрекетті болдырмау. Бұл жағдай санаулы партиялардың, кәсіпорындардың және де басқа ұйымдардың өмір сүруін жоққа шығармайды, бірақ билік олардың әрекетін қатал түрде шектеп қадағалап отырады;
4) Басқарушы кадрларды бәсекестік күрестің сайлау негізінде емес кооптация жолымен толықтыру арқылы жүзеге асады; конституциялық механизмнің сабақтастығы мен билікті беру болмауы. Биліктің ауысуы жиі әскери күшті қолдану арқылы болады;
5) Қоғам үстінен тотальды бақылаудын бас тарту, саяси емес салаларға араласпау немесе шектеулі араласу, ең алдымен экономикаға. Билік алдыңғы қатарда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтарымен, қоғамдық тәртіппен, қорғаныс пен сартқы саясатпен айналысады, бірақ ол экономикалық даму стратегиясына ықпал ете алады, белсенді түрде әлеуметтік саясатты жүргізе алады, сонымен бірге нарықтық өзін өзі реттеу механизмдерін бұзбайды.
Осыған орай авторитарлық режимді шектелген плюрализммен басқару әдісі деп атайды.
Авторитарлық режимді қатал авторитарлы, біркелкі және либералды етіп бөлуге болады. Сонымен бірге келесі түрлерін белгілейді, популисттік авторитаризм, теңестірілген бағыттағы көпшілікке сүйенеді, және де ұлттық-патриоттық, мұнда ұлттық идеяны билікте тұрғандар тоталитарлық немесе демократиялық қоғам және т.б. құру үшін қолданылады.
Авторитарлық режим санына кіргізеді:
• абсолюттік және дуалисттік монархиялар;
• әскери диктатуралар немесе әскери басқарудағы режимдер;
• теократияны;
• жеке тирания.
Демократиялық режим – бұл режим, өзін еркін көрсете алатын көпшілікпен жүзеге асатын билік. Демократия грек тілінен аударылғанда «халық билігі» немесе «халық үкіметі» дегенді білдіреді.
Демократиялық режимнің негізігі белгілері:
1) халық егеменділігі, мұнда биліктің алғашқы иесі халық. Әр билік халықтан және оны таңдайтын да халық. Бұл қағида бойынша халық тікелей саяси шешімдерді қабылдай алмайды, мысалы, референдумда сияқты. Оның ойынша, мемлекеттік билікке ие болғандардың бәрі өз қызметтерін халықтың арқасында алды дейді, яғни сайлау жолымен (мысалы, парламент депутаттары немесе президент) немесе халық таңдаған өкілдер арқылы (мысалы, құрылған және парламентке бағынатын үкімет);
2) үкімет өкілдерін еркін сайлау, кем дегенде үш шарттың болуын талап етеді: білім беру мен саяси партиялардың қызмет ету еркіндігінің нәтижесі ретінде кандидатураларды еркін ұсыну; сайлау құқығының бостандығы, яғни жалпы және тең сайлау құқығы; дауыс беру бостандығы, яғни құпия дауыс беру. Бұған қосуға болады, ақпарат алуда барлығы тең болады және сайлау кампаниясы кезінде насихат жүргізу мүмкіндігіне барлығы ие;
3) азшылықтағылар көпшіліктерге бағынады егер қатал түрде азшылықтағылардың құқығы сақталса. Демократия кезінде басты және табиғи көпшіліктің міндеті – оппозицияны құрметтеу, оның еркін сынауға құқығы және жаңа сайлау нәтижесі бойынша билікте болған көпшілікті ауыстыру құқығы бар;
4) билікті бөлісу қағидасын жүзеге асыру. Биліктің үш бұтағы – заң шығарушы, орындаушы және соттық – тежеу мен қарама-қарсы жүйе шебінде өкілеттілікке ие, олар демократиялық емес, азаматтардың мүддесіне қайшы келетін басқа бұтақтың әрекеттеріне блокада қоюға мүмкін. Билікте монополияның болмауы және барлық саяси институттарының плюралисттік сипаты – демократияның қажетті шарты;
5) өмірдің барлық салаларында конституционализм мен заңның үстінен қараушылығы. Заң алдында бәрі тең. Демократияның құқықтық қағидасы: «Заң неге тыйм салмаса,-сол рұқсат».