ҚОРЫТЫНДЫ Осылайша саяси режим саяси жүйенің де, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның да мәнді сипаттамасы. Ерте кезден, яғни қоғамның пайда болу кезеңінен бастап адамдарды қауымдастыққа қалай біріктіруге болады, жеке адам мен қоғамды, яғни жеке адамдардың мүдделері мен тұтастай қоғамның мүдделерін калай біріктіруге болады де- ген әлеуметтік проблемалар "мәңгілік" сұрақтар болып кала берді. Осы проблеманы шешудің шынайы тәжірибесі зерде- ленген саяси ойлар тарихында оларды біріктірудің автори- тарлық және демократиялық деп аталатын екі тәсілі бар. Бұл жағдайда, жеке немесе ортақ мүдденің қайсысы ба- сым; тұлға өзінің мүдделерін сезінуде және жүзеге асыруда қаншалықты еркін; осы мүдделерді жүзеге асыру мен олар- ды түйістіру үшін биліктік іс-әрекеттің қандай ұйымдасты- ру құрылымдары мен әдістері қолданылады деген мөселе- лер әрқашан күн тәртібінде түрды. Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықгы және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметгік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да, сая- си режим — абстракгілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік- саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның кұндылық бағдарларын қалыптастырады. Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді.