1. Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар (Бұхар)



бет1/4
Дата16.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#116461
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
ӘДЕБИ ТІЛ 6 апта


Әдебитілдің XVIII-ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі үлгілеріне Бұхар, Тәттіғара жыраулардың шығармалары жатады. Әдеби тілдің лексикалық құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс салт тақырыптарына байланысты лексик. топтар актив жұмсалады
Мысалы:
1.Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар (Бұхар);
2. Көз болып қой бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың (Шал) т. б
Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез, Доспамбет, Жиембет т. б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер сөзі осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексика-грамматикалық ерекшеліктерді біршама сақтап қалған.
Мәселен, Шәлгездегі "сындырау арқа", "сырт соқпақ", "түнде жүріп түлкі өтер" сияқты сөз тіркестері мен сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап" тәрізді реалистік суреттер, Қазтуғандағы "Буыршынның бұта шайнар ауызы, бидайдықтың кел жайқаған жалғызы" сынды теңеу образдар
Сол сияқты астана, жұрт, аруұл, қом су, алаңжұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі.
Сол тұстағы грамматикалық норманың мысалы ретінде шығыс септігінің дың/дің түрінде келуін ("Бұл Бұзылдін қайтпассың") ілік септігінің ьш/ім тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы ғай-гей формасында ("қалға қабылан жау тигей ме?") берілуін, екінші жақ буйрық райдың ғыл түрінде ұшырауын келтіруге болады.
XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикасын сөз еткенде, ең бір көзге түсетін жайт – бұл кезеңде қазақ әдебиетінде жаугершілік тақырыппен қатар, әлеуметтік-қоғамдық және күнделікті тұрмыстық тақырыптардың сөз бола бастауына қарай, осы салаларға қатысты лексикалық топтардың актив қолданылуы.
Қазірде көнерген хан, құл, ақ сүйек, бек, қара, қарашы, күң, ханым тәрізді сөздер – ХVІІІ ғасыр үшін тура өз мағынасында қолданылатын актив элементтер болып келеді. Бұлар осы кездегі лексикалық норманы танытады.
Талданып отырған кезендегі әдеби тілдің лексикасында көзге түсетін саланың бірі – дерексіз (абстракт) ұғым атаулары. Тағы да мазмұн мен түрдің, яғни әдебиет тақырыбы мен тілінің арасындағы тікелей іліктестік заңы үлкен рөл ойнайды. Жалпы дүние, адамзат тіршілігі туралы толғауларда осыларға қатысты абстракт категориялардың атаулары жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет