Мәтіннің қай түріне жататынын анықта



Дата01.03.2023
өлшемі15,42 Kb.
#70953
Байланысты:
D0BCD399D182D196D0BD20D182D2AFD180D0BBD0B5D180D196D0BDD0B5D0BD20D182D0B5D181D182


1. Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Оның көз алдына бет ұшында қарашықтай меңі бар, талдырмаш қара торы қыз елестеді.
А) сипаттау мәтіні
В) пайымдау мәтіні
С) әңгімелеу мәтіні
D) хабарлау мәтіні
2. Сипаттау мәтінге қай сұрақ қойылады?
А) не үшін?
В) не істеді?
С) қандай?
D) қанша?
3. Мәтінге ат қой.Бір күні Қожанасыр досына келсе, ол үйін тазалап жатыр екен. Қожа одан:
- Е, достым! Не істеп жатырсың? – деп сұрайды.
- Ә, Қожа екенсің ғой! Мынау ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр ем, - дейді досы.
- Қой, достым! Киім ескіргенімен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескіргенімен ішіндегі ақыл сөзі ескірмейді, - депті сонда Қожанасыр.
А) Қожанасырдың досы
В) Үй тазалау
С) Ескірген киім
D) Кітап ескірмейді
4. Әңгімелеу мәтіні деген не?
А) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды.
В) белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.
С) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді
D) хабарлы сөйлем
5. Пайымдау мәтіні деген не?
А) белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.
В) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді
С) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды.
D) хабарлы сөйлем
6. Мәтін неше бөліктен тұрады?
А) 1 В) 2 С) 3 D) 4
7. Қандай сұрақ қою арқылы әңгімелеу мәтін екенін ажыратуға болады?
А) Не істеді? В) Қандай? С) Неліктен? D) Нешінші?
8. Мәтін деген не?
А) өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
В) заттың атын білдіретін сөздер
С) екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз
D) заттың іс- қимылын білдіреді
9. Тақырып дегеніміз не?
А) Мәтіндегі оқиға мен ойдың түйіні
В) Сөйлемдердің байланысуы
С) Тіркесіп келетін сөздер
D) Сөйлемдегі сөздердің байланысы
10. Мәтіннің бөліктерін көрсет.
А) кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы
В) әңгімелеу, пайымдау, сипаттау
С) қорытындысы, соңы, басы
D) басы, негізгі бөлім, соңы
11. Мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не?
А) Бірнеше сөйлемнен құрылып, бір мазмұнды беретін сөз тобы.
В) Мәтін тақырыбын қысқаша айту
С) Автордың айтайын деген басты пікірі.
D) Бәлкім, мені ұмытқан боларсың
12. Сипаттау мәтіні деген не?
А) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді
В) хабарлы сөйлем
С) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды.
D) белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.
13. Мәтін неше түрі болады?
А) 1 В) 2 С) 3 D) 4
14. Мәтіннің қай бөлігіне жатады?«Біз жаңа мектепте оқимыз.Мектеп жаңа. ... »
А) кіріспе бөлімі В) негізгі бөлімі С) соңы D) атауы
15. Қандай сұрақ қою арқылы пайымдау мәтін екенін ажыратуға болады?
А) Не істеді? В) Қандай?
С) Нешінші? D) Неліктен?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет