Зерттеу жұмысының негізгі нысаны: Бала тіліндегі мезгілдік қатынастардың берілуі.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазақ тіліндегі шақ категориясы, етістіктің грамматикалық категориясы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – бала тіліндегі мезгілдік қатынастардың қалыптасу мен дамуы деңгейін зерделеу. Жан-жақты қарастыра отырып, қазақ баласының тіліндегі шақ категорясын анықтау, мысалдармен дәлелдеу.
Қазақ тіл білімінде шақ категорияларының зерттелу тарихына талдау жасау;
Шақ категориясының түрлі бөліністерін саралау;
Шақ категориясы туралы жалпы түсінікті тиянақтау;
Өзге тілдердегідей бала тіліндегі шақ категориясының қазақ тіл білімінде де көрініс табуы;
Баланың сөйлеу тілінің мезгілдік қатынастардың қалыптасуы мен дамуын көрсету;
Баланың сөйлеу тілінің мезгілдік қатынастардың берілуіндегі ерекшеліктерді анықтау;
Зерттеу әдісі:Зерттеу барысында салыстыру, талдау, саралау, сипаттау, жүйелеу, ішінара статистикалық талдау әдістері қолданылды.