1 Шақ категориясының теориялық негіздері



бет7/14
Дата07.01.2022
өлшемі80,95 Kb.
#19472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Мөлдір -2-тексеріс

А) Жалпы осы шақ - осы шақтың бұл түрі етістік не- гізіне кесемшенің -а (-е, -й) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Өйткені бұл форма, контекстегі қызметіне карай, сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті де (байқайсың ба, күн қызып келеді) үнемі істелетін кәсіби және басқа күнделікті қимыл-әрекетті де (ол совхозда ту- рады, сонда агроном болып істейді) білдіре береді.

Ә) Нақ осы шақ. Осы шақтың бұл түрі көсемшенің еткен шақ (-ып, -іп, -п) және осы шақ (-а, -е, -й) түріндегі етістік формасына жатыр, жүр, түр, отыр деген жай- күй етістіктерінін біреуі тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: айтып отырмын; көріп тұрмыз; оқып жүр; келе жатыр т.б.

Б) Неғайбыл осы шақ. Осы шақтың бұл түрі екі түрлі аналитикалық формант аркылы жасалады. Оның біріншісі — көсемшенің келер шақ (-ғалы, -гелі...) формасындағы етістікке (барғалы, келгелі) жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік жалғау тікелей жалғанып жасалады.Мысалы: барғалы отырмын; жүргелі отырмысың? аттанғалы жатырмыз; кіргелі тұрмыз; оқуға түскелі жүрсіңдер ме?!

Сондай-ақ ғалым жалпы осы шақ пен нақ осы шақтың мағыналарының айырмашылықтарын мына мысалдардан анғаруға болады деп дәлелдер ұсынады: мен келемін дегеннен келу процесі тек жалпы аталғаны аңғарылса, мен келіп тұрмын; мен келіп жүрмін; мен келіп жатырмын; мен келіп отырмын дегендерден келу әрекеті жалпы түрде емес, ситуация нақтыланып аталатыны көрінеді» [1, 331б].

Келер шақ категориясына амал-әрекеттің алдағы уақытта я сөйлеп отырған кезден кейін жүзеге асатыны не аспайтыны я асырылатыны-асырылмайтыны туралы түсінік беретін етістік формалары жатады. Бірақ, түр-түрінің ерекшеліктеріне қарай, бұл формалардын, өзара мағыналық айырмашылыктары болады.Келер шақ формалары мағыналары мен тұлғалық түрлеріне карай, жалпы (анық) келер шақ, болжалды келер шақ және мақсатты (арнаулы) келер шақ деген үш топқа бөледі.

1. Жалпы (анық) келер шақ амал-әрекеттің алдағы уакытта шүбәсыз, анық жүзеге асатынын білдіреді. Бұл шақ етістік негізіне көсемшенің осы шақ формасының жұрнағы (-а, -е, -й) қосылу арқылы жасалады. Мысалы: Біз үлкендердің тапсырмасын орындаймыз, үміттерін ақтаймыз, жазғы демалыста ауылдағы егін, құрылыс жүмыстарына қатысамыз, ауыл еңбеккерлеріне жәрдем береміз.

2. Болжалды келер шақ формасы алдағы уақытта істелетін амал-әрекетті атайды, бірақ ол амалдың жүзеге асу-аспауы күдікті, екі талай екені аңғарылады. Форманың өзі есімшенің келер шағының -ар (-ер, -р жұрнағы арқылы етістіктің жалаң және күрделі негіздерінен жасала береді. Мысалы: Өзіңіз әуелі келерсіз, Сізбен әлі де талай кездесетін де шығармыз, әңгімелесетін де болармыз.

3.Мақсатты (арнаулы) келер шақ формасы амал- әрекеттің алдағы уакытты шүбәсыз, күдіксіз (қайткенде де) жүзеге асатынын және онда бір мақсат барын коса білдіреді. Бұл форма етістік негізіне есімшенің мақсатты келер шағының -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы, соңғы жұрнақтың үстіне -шы дәнекері косылу арқылы жасалады. Мысалы: Біз ертең жиналмақщымыз да, онда сенбілікке кім, қашан, қайда баратынын сөз етпекпіз; Бүгін кітапханаға бармақпын, жолға қажет кітаптар алмақпын.

Ғалым Н. Оралбай шақ категориясын ашық рай тұлғаларының ішінде қарастырып, ашық рай мен шақ өте тығыз байланысты деген пікір білдіреді. Ашық райдың көрсеткіші жоқ, бірақ шақ көрсеткіштері ашық райдағы реалді қимылды білдіруге қызмет етеді деп есептейді. Өткен шаққа – жедел, бұрынғы, ауыспалы, қатыстық өткен шақтарды жатқызса, осы шақтың екі түрін көрсетеді: нақ, ауыспалы осы шақ. Келер шақты ауыспалы болжалды мақсатты деп үшке бөледі. [ ]

А.Жаңабеков «Қазақ тіліндегі «уақыт» ұғымының тілдік парадигмасы» еңбегінде былай дейді: «Бірорталықты функционалды-семантикалық категориялар морфологиялық категорияларды негіз етеді. Мұндай семантикалық категорияларда морфологиялық категориялар негізгі семантикалық функция, яғни негізгі тілдік құрал қзыметін атқарады. Сондықтан функционалды-семантикалық темпоралдылық категориясын шақ категориясына қатыссыз қарастыру мүмкін емес» - дей келе етістіктің шақ категориясының жіктелу жайына талдау жасай отырып, аталған үш түріне ортақ жіктемелік белгілерді ұсынады. Олар: а) векторлық ұстаным; ә) модальдық ұстаным; б) аспектілік ұстаным; в) құрамды ұстаным; Г) кешенді (инт егративті) ұстаным; д) қатынастық ұстаным; ж) аралық (контекстік) ұстаным деп ұсына келе әрқайсысына жеке-жеке анықтама беріп, тоқталады. [ ]



Векторлық ұстаным дегеніміз – шақтың векторлық сызық бойындағы орналасу ретін өлшем етіп алатын шақтық меже.

Өткен шақ осы шақ келер шақ


Осы сызық бойындағы сөйлеушінің сқйлеу уақыты шақтың дейктикалық орталығы болады. Осы орталық шақты өткен, осы, келер деп аталатын түрлерге жіктеуде меже ретінде алынады. Сонымен қатар бұл дейктикалық орталық сөйлеушінің сөйлеу сәті болғандықтан, шақтың осы шақ түрімен сәйкес келеді. Ал шақтың өткен және келер шақ түрлері осы сөйлеу сәті -дейктикалық орталықтың оң жақ немесе сол жақ шетіне қарай орналасады. Сөйлеу сәтінен сол жаққа қарай - өткен шақ микроөрісі, ал оң жаққа қарай – келер шақ микроөрісі созылып жатады. Осы өткен шақ пен келер шақ қрістерінің бойында шақ сөйлеу сәтіне қатынасына қарай белгілі бір орынды иеленеді, яғни векторлық сызық бойында орналасу тәртібі болады. Осы ұстаным бойынша дәстүрлі грамматикада өткен шақ микроөрісі жедел һөткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ түрлеріне жіктелген болатын. Демек, векторлық ұстаным – сөйлеу сәтіне қарым-қатынасын айқындайды.

Жоғарыда 1.1 тараушада атап айтқан темпоралдылық - векторлық категория. Вектор латынның vector - «везущий, несущий» деген мағынаны білдіретін сөзі. Сандық және бағыттық мағынаны білдіретін өлшем, яғни белгілі бір сызық бойында қозғалатын бағыттық сипат тән. Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет