1.2 Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесіндегі алатын
орны
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес,
сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру
жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Елбасымыздың Қазақстан
халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу
керектігін
атап
көрсетті:
Компьютерлік
техниканы,
интернет,
телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық
құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді
пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің
болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі
«ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге
12
таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген
еді[9].
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа
ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі
заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық,
педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және
ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық
технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу
керек.Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі
өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты
субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек,
онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел
тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Білім беру
үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық
міндеттерді шешуге болады:
1) білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға
мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т. б.
2) жеке тұлғаны жетілдіру түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу
жұмысымен
шұғылдану
іскерлігін
дамыту,
ақпараттық
мәдениетін
қалыптастыру және т. б.
3) әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті
қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б.)
4) оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін
арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық
байланыстарды тереңдету және т. б.
Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің
мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын
көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады. Білім
беру жүйесін ақпараттандыру, қоғамды ақпараттандыру-экономиканың
ғылымның мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Қоғамда білім
беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
- білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және
дербестендіру, қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
- оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту;
- қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен
дамыту;
Жаңа ақпараттық технологиялар білім беруде ең алдымен мектептерде
тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан-жақты білім алушылардың санын
көбейтеді. Қазіргі кезде кез- келген тақырып бойынша мәліметтерді алу үшін
Интернетті пайдалануда өте бай тәжірибелерге қол жеткізілуде. Білім беру
мақсатындағы ақпаратты ресурстардың шартты белгілері мыналар:
- Электронды (мультимедиялық ) оқулық, қашықтан оқыту курсы;
- Анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-Электронды кітапханалар (мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейне
ақпараттар);
13
- Виртуалды мұражат, көрмелер т.б. көрнекі материалдар.
Жоғарыда атап айтқандай өз көкейтесті мәселем «Ақпараттық-
коммуникациялық технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану
ерекшеліктері».
Осы
мәселе
бойынша
электронды
оқулықтарды,
мультимедиалық оқулықтарды өз сабақтарымда пайдалана келе, дәстүрлі қағаз
бетіндегі оқулыққа қарағанда артықшылығы басым болатындығына көз
жеткіздім:
1) Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану: музыкалық немесе
дикторлық дайындау, анимация, графикалық қойылым, бейне клиптер, слайд-
шоу және т.б.
2) жүйенің басқару құрылымы- оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз
кезегінде материалдың ұсынылуын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу
мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады және анықтамалық жүйе ретінде
қолдана алады.
3) жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған
жаттығулардың бағалануы.
Жаңа технологиялар негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының
мысалы ретінде, тек білім беру тәсілдерін (электронды оқулықтар, бейне
сабақтар, тестілеуші бағдарламалар т.б. ғана емес, білім беру саласын
басқаруды автоматтандыру болады. Білім беру ұйымдарындағы статистикалық
есептеулер мен автоматтандырылған сараптама жұмыстары ұстаздардың
уақытын тиімді пайдалануына, дәл және нақты ендірілген ақпараттар енгізуінде
тиісті сараптама жасауына мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Білім беру жүйесінің құрылымдық элементтерінің барлығында білім
деңгейін көтеру, оқытуды өмірмен ұштастыру, жоғары сыныптарда жастарды
өмірге даярлау мәселесі кең көлемде қарастырылуда.
Білім берудегі өзгерістерге жас ұрпақтың үш тілді (қазақ, орыс және шет
тілін) оқып үйренудің көрсетілуін жатқызуға болады. Тілдерді оқу «Білім
туралы» заңның 5-бабында (Оқыту және тәрбиелеу тілі) «… қазақ тілін білу
мен дамытуды, сондай-ақ орыс тілін және бір шетел тілін оқып-үйренуді
қамтамасыз етуге тиіс»- деп көрсетілген [1].
Осы жөнінде «Тілдік қарым-қатынас – мәдениет айнасы» тақырыбындағы
мақаласында Ж.Құлекеев тілдерді оқытудағы кемшіліктерді айта келе, шет тілі
туралы: «Қазақстандық жас ұрпақтың білуі міндетті үшінші тіл – шетел тілі.
Өкініштісі, біздің мектеп бітірушілер шетел тілінде еркін сөйлей алмайды»-
деп, шетел тілін игерудегі минимум деңгейдің тілдік қарым-қатынасқа сәйкес
болуы туралы айтқан [10, б.3-7].
Тілдерді оқыту жөнінде баспа беттерінде де аз айтылып, кем пікір-
таластар ұйымдастырылып жатқан жоқ. Сонымен қатар, үлгі боларлық оқу
үдерісін ұйымдастыру туралы да бар. Мәселен, Г. Ермахан «Нравственное
воспитание школьников посредством казахской народной педагогики на уроке
иностранного языка» деген мақаласында этнопедагогикалық мәні бар оқу
материалдарын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне қолданылу жағын көпшілікке
түсінікті етіп жазады. Ізденуші ІІ-VІ сыныптарға жұмбақтарды, V-VІІІ
14
сыныптарға ертегілерді, VІ-ІХ сыныптарға мақалдар мен мәтелдерді оқытуға
болатынын мазмұндайды [11, б.34-35].
Қорыта айтқанда, оқыту технологиясы – бұл оқытудың негізгі
қызметтерін орындайтын және педагогтың қатысуынсыз жүзеге асыратын
екінші реттегі оқыту құралы. Ол дидактикалық мүмкіндіктерді кеңейте отырып,
оқытуға мүлдем жаңа сапалы сипат береді және оқушының жеке
қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандыруға һәм жеке қабілеттерін дамытуға
елеулі септігін тигізеді.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы
жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін
қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға
итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол
ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау
қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары
деп есептейміз.
Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай,
жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық
қабілетті, нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның
талабы.
Достарыңызбен бөлісу: |