1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана



Pdf көрінісі
бет43/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104
Гемопоэтикалық компонентке
: гемопоэз жасушалары: бағаналы, 
жартылай бағаналы жасушалары, әр түрлі
даму сатысындағы бласттар
эритробласттар, мегакариобласттар, лимфобласттар, мегакариоциттер, 
промиелоциттер, промоноциттер, пролимфоциттер және қанның толық 
дифференцияланған пішіндік элементтері жатады.
3. Тамырлық компонент: 
қабырғасы
өте жұқа болып келеді. Ерекше 
посткапиллярлы синус тамырлары болады және осы тамырлардың 
қабырғасын
иммунды функция атқаратын эндотелиоциттер жауып жатады. 
Базалды мембраналар көп кездеспейді. Синус қабырғасының саңылауы 
арқылы тек қана толық дамыған қан жасушалары өте алады.
Сүйектің қызыл кемігінің 
негізгі қызметі
бұл қан жасушаларын түзу болып 
табылады.Эритропоэз(эритроциттердің дамуы)

эритробласттық 
аралшықтарда жүреді. Гранулоцитопоэз(гранулоциттердің дамуы) көбіне 
сүйек кемігінң шетіндегі аралшықтарда жүреді. Мегакариоцитопоэз, 
тромбоцитопоэз( мегакариоциттердің, тромбоциттердің дамуы) жүреді. Және 
де моноцитопоэз (моноциттердің дамуы); лимфоцитопоэз (В
-
лимфоциттердің 
дамуы, Т
-
лимфоцит ізашары) жүзеге асырылады.
Сүйектің сары кемігі 
түтікшелі сүйектердің диафизінде орналасады. Олар 
май жасушалары адипоциттерден
тұрады. Бір ерекшелігі қанөндіру қызметін 
атқармайды. Адам организмінде 12 жасқа дейін сүйектің эпифиз және 
диафизінде сүйектің қызыл кемігі болады , ал ол 18 жастан кейін диафиздегі 
сүйектің сары кемігіне ауысады. Егде жасқа келгенде екеуі де сілемейлі 
консистенцияға ауысып, 
желатинозды сүйек кемігі
деп аталады.
Регенерациясы. 
Сүйектің қызыл кемігі физиологиялық және репаративтік 
регенерациялық қабілетке ие. Сүйек кемігіндегі гемопоэтикалық 
жасушалардан дамитын бағаналы жасушалар ретикулярлы тінмен тығыз 


байланысады. Осы бағаналы жасушалардың практикалық медицинада 
маңызы зор. Мысалы,қатерлі ісік химиотерапиясы, қанның туа біткен 
сырқаттарын емдеу және де трансплантациялау мақсатында гемопоэздік 
бағана жасушаларды кіндік бау қанынан, плацентадан, сүйектің қызыл
кемігінен алу секілді ем шаралары осы бағаналы жасушалар көмегімен 
жасалынады. Жалпы сүйек кемігінің регенерациялық жылдамдығы 
микроқоршау мен арнайы гемопоэтикалық өсу факторларға байланысты 
жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет