1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана



Pdf көрінісі
бет56/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104
24. Гипофиз. Адено

және нейрогипофиздің эмбриональді дамуы мен шығу 
көздері. Аденогипофиздің құрылысы, тіндік және жасушалық құрамы. 
Гипоталамо

аденогипофизарлы қанайналым жүйесі, оның гормондар 
тасымалдаудағы рөлі.
 
Гипофиздің қанмен қамтамасыз етілуі мен 
иннервациясы.
 
Гипофиз

Аденогипофизге тәуелді эндокринді бездердің жұмысын реттейді

Вазопрессин мен окситоцин гормондарының қорын жинайды.

Пигмент пен май алмасуын реттейді

Өсу
гормонын синтездейді

Эндорфиндерді синтездейді
Жалпы аденогипофиз(алдыңғы, аралық, туберальды) бен 
нейрогипофизден(артқы) тұрады. Аденогипофиз ауыз қуысының жоғарғы 
бөлігіндегі гипофизарлы қалтадан бастау алады. Бұлардан бөлінетін гормон 
эпителийльды, нейрогипофизден бөлінетін
гормондар нейроглиальды дееп 
аталады.
Аденогипофиз алдыңғы, аралық және туберальды бөліктерден тұрады.
Алдыңғы бөлік

тор түрінде орналасқан
эпителий жасушаларынан 
тұрады. Жасуша тізбегі мен трабекулалар арасын борпылдақ талшықты 
дәнекер мен капиллярлар толтырып жатады. Әрбір трабекулалардың 
эндокриндік жасуша топтамалары болады: хромофильді және хромофобты
Хромафильды эндокриноцит

цитоплазмасында секреторлы түйіршітер 
бояуды жақсы сіңіреді. Өз кезегінде базофильді және оксифильді болып 
бөлінеді.
Базофильді эндокриноциттер бояумен жақсы боялады. Алдыңғы бөліктің 4
-
10 пайызын құрайды. 2 түрлі жасушалары бар:
1.
Гонадотропоциттер. Фоллитропин(жыныс жасушаларын түрлендіретін) 
және лютропин(аналық жасышада сары дененің пайда болуын, аналық 


жыныс безде интерстииальды жасуша гормонын болуге) гормондарын 
бөледі.
2.
Тиротропоциттер. Тиротропин гормонын бөледі. Бұл қалқанша бездің 
жұмысын реттейді.
Ацидофильді эндокриноциттер –
алдыңғы бөліктің 30
-
35 пайызын құрайды. 
Пішіні дөңгелек, кейде сопақша. Дененің өсуін реттейтін соматропин және 
сүт безінің түзілуіне қатысатын пролактин гормонын түзеді.
Кортикотропты эндокриноциттер –
аденогипофиздің көбінесе орталық 
бөлігінде орналасады, кортикотропты гормонды синтездейді.
Хромофобты эндокриноциттер

секреторлы түйіршіктерді нашар боялатын 
жасушалар. Аденогипофиздің 60 пайызын құрайды. Бұлар әртүрлі 
физиологиялық жағдайда арнайы қызметі әлі пісіп жетілмеген, немесе 
қызметін
толық атқарып, секреторлы түйіршіктерден айырылған 
эндокриноциттер. 
Аралық бөлік

жіңішке эпителиальды тізбек. Мұндағы жасушалар белок 
пен шырышты өңдейді. Меланотропин мен липотропин гормондары 
синтезделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет