1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана



Pdf көрінісі
бет69/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104
Байланысты:
Снимок экрана 2023—05—29 в 17.12.16

37. Тоқ ішек. Даму көздері. Морфо
-
функциялық сипаттамасы. 
Қабырғасының
 
құрылысы. Атқаратын қызметіне 
байланысты 
шырышты 
қабықшасының 
құрылыс 
ерекшеліктері. 
Қанмен 
қамтамасыз
 
етілуі және иннервациясы.
 
Ашы ішектен кейін тоқ ішек орналасады, тоқ ішекте асқазанның ортаңғы 
бөлігіне жатады. Функциялары: 
1)сіңіру –
су, аз мөлшерде минералды заттарды сорады.
2)Экскреторлы –
организмнен ауыр металдардың тұздары, зат алмасудын 
соңғы өнімдері шығарылады.
3)Клетчатканың ыдырауы–
бактериялар ферменттері арқылы жүзеге 
асырылады. 
4)Тосқаул
-
қорғаныштық,
5)Эндокринді.
6)В және К витаминдерді өндіреді.
Дамуы. Жуан ішектің шырышты қабықшасының эпителийі ішек 
энтодермасынан бастау алады. Тік ішектің тері және аралық аймақтарының 
эпителийі эктодермадан қалыптасады. Жуан ішектің дәнекер және бұлшықет 
тіндері мезенхимадан, серозды қабықшаның мезотелийі спланхнатомның 
висцералды жапырағынан дамиды.
Жуан ішектің қабырғасы шырышты қабықшадан, шырышасты
негізінен, 
бұлшықетті және серозды қабықшалардан тұрады. Жуан ішекте бүрлер 
болмайды. Шырышты қабықшасының эпителийі –бірқабатты бағаналы, үш 
түрлі жасушалардан қалыптасқан: бағаналы эпителиоциттерден, бокалтәрізді 
экзокриноциттерден, эндокриноциттерден. Шырышты қабықшаның өзіндік 
пластинкасы крипталар аралығында жұқа дәнекертінді қабаттарды түзеді. 
Бұл пластинкада жеке лимфоидті фолликулдар кездеседі. Шырышты 
қабықшаның
бұлшықетті пластинкасы жіңішке ішекке қарағанда жақсы 
дамыған және екі қабаттан түзілген: ішкі –циркулярлы, сыртқы –бойлай 
орналасқан тегіс бұлшықет жасушалардың шоғырларынан тұрады.


Шырышасты негізі БТДТ қалыптасқан, құрамында көптеген май жасушалары 
болады. Осында тамырлар және нерв өрімдері, көптеген лимфоидті 
түйіншектер орналасады. Бұлшықетті қабықшаның екі қабаты болады: ішкі –
циркулярлы, сыртқы –
бойлай қабаты алайда тұтас емес, ол бойлай ленталар 
түрінде түзіледі. Қабаттардың аралығында БТДТ қабаттары орналасады
құрамында
тамырлар, бұлшықетті
-
ішек нерв өрімдері болады. Серозды 
қабықша
БТДТ және мезотелийден түзілген, оның май тіннен тізілген ілгері 
шығып тұратын бөліктері болады.
Иннервация және қанмен қамтамасыз етілуі: Проксимальды бөлімдерден 
бастап, тоқ ішектің парасимпатикалық бұлшықет
-
ішек нерв өрімдері I типті 
моторлы 
нейрондар 
біртіндеп 
сезімтал 
II 
типті 
нейрондармен 
алмастырылады, олар тік ішекте сезімтал нерв талшықтарына айналып, 
басым болады. Жуан ішек краниальді және каудальді шажырақайлық 
артериялармен қанмен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет