1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана



Pdf көрінісі
бет80/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104
45. Өкпе. Ацинус өкпенің морфо
-
функциялық бірлігі ретінде. 
Ацинустың құрылымдық компонентері. Альвеолалардың 
қабырғасының
 
құрылысы. Альвеоциттердің түрлері, олардың 
гистофункциялық сипаттамасы. Сурфактантты
-
альвеолярлы комплекс. 
Аэро
-
гематикалық тосқауыл және оның газ алмасуындағы маңызы. 
Өкпе макрофагтары. Плевра.
 
Өкпе

көкірек қуысының көп бөлігін алып жатқан, сыртын плевра қаптаған 
мүше. Функциялары: газалмасу, терморегуляторлы, қышқыл
-
сілтілі тендіктің 
реттеуіне қатысу, қан ұюының реттеуі, су
-
тұзалмасуды реттеу, 
эритропоэздің реттеуі, иммунологиялық, липидтердің алмасуына қатысу. 
Өкпелер
ауа өткізу жолдардың жүйесінен 

бронхтар (бронхиалды ағашы) 
және тыныс алу жүйенің респираторлы бөлімін түзетін өкпе көпірішіктердің 
жүйесінен немесе альвеолалардан тұрады. Оның құрылым
-
функциялық 
бірлігіне ацинус жатады. Ол респираторлы бронхиоланың, альвеолярлы 
жолдардың, альвеолярлы қапшықтардың қабырғасында орналасатын қан мен 
ауаның аралығында газдардың алмасуын қамтамасыз ететін альвеолалардың 
жүйесінен тұрады.
Респираторлы бронхиолалар бірқабатты кубты эпителиймен жабылған,
бұлшықетті пластинкасы жұқарған, адвентицияның дәнекер тін талшықтары 
интерстициалды тінге өтеді. Альвеолярлы жолдар мен қапшықтардың 
қабырғасында бірнеше ондық альвеолалар орналасады. Ересек адамда 
олардың жалпы саны орташа алғанда 300
-
400 млн. Альвеолалар жұқа 
дәнекер тінді қабаттармен бөлініп тұрады, олардың құрамында капиллярлар, 
ретикулярлы және өкпенің эластикалық каркасын түзетін эластикалық 
талшықтар болады. Терен демді шығарған кезінде де өкпелердің эластикалық 
керілуіне байланысты альвеолалар түспей тұрады. Альвеолалар аралығында 
оларды қосып тұратын Кона саңылаулары табылған. Бұл саңылаулар бір 
альвеоладан басқа альвеолаға ауаның өтуіне мүмкіндік береді және 


патологиялық процесстер жағдайында альвеолярлы қапшықтардың өзіндік 
ауа өткізетін жолдары жабылып қалғанда газдардын алмасуын қамтамасыз 
етеді. Сондай
-
ақ претерминалды бронхиолаларды альвеолярлы 
қапшықтармен
байланыстыратын Ламперт каналдары болады. Бұл каналдар 
ауаның коллатералды жолын қамтамасыз етеді және өкпе фиброзы 
жағдайында ауаөткізу жолдардың бөлігі жабылған кезінде маңызды рөл 
атқарады. 
Альвеолалар ашық көпіршік түрінде болады. Ішкі беткейі екі негізгі 
жасушалармен жабылған: респираторлы пневмоциттер немесе І типті 
жасушалар және секреторлы пневмоциттер немесе ІІ типті жасушалар. 
Респираторлы жасушалар альвеола беткейінің шамамен 95% алып тұрады. 
Пішіні дұрыс емес ұзартылған. Жасушаның альвеола қуысына қарап жатқан
беткейінде ауаның эпителий беткейімен шектесу аланың ұлғайтатын қысқа 
микробүрілер болады. Респираторлы жасушаның ядро жоқ аймақтарына
жаңасып капиллярлар орналасады. Осы аймақтарда гемокапилляр 
эндотелийінің базалды мембранасы эпителийдін базалды мембранасына 
тығыз орналасып шектеседі. Осындай аймақтарда қанмен ауаның 
аралығында аэрогематикалық тосқауыл болады. 
ІІ типті пневмоциттер немесе секреторлы жасушалардың пішіні текше 
тәріздес, цитоплазмасында осмиофилды гранулалалар байқалады. Олар
гликолипидпротеинді зат −сурфактантты өндіреді. Сурфактант екі 
бөліктен тұрады:1)төменгі–гипофаза, альвеола эпителийінің беткейін 
тегістейді; 2) беткейлі
-
апофаза, фосфолипидті моноқабатты түзеді, олардың 
гидрофобты аймақтары альвеола қуысына қарап жатады. Сурфактанттың 
функциялары: альвеолалар түсуіне кедергі жасайды, тамырлардан альвеола 
қуысына
сұйықтықтың өтуіне тосқауыл құрады, бактероцидті қасиеттері 
болады, иммунокомпетентті жасушаның және макрофагтардың 
функцияларын ынталандырады . Өкпелер
резекциясы жағдайында ІІ типті 
пневмоциттер регенерацияға қатысуы мүмкін. Альвеола қабырғасының 
құрамына
жиекті жасушалар мен альвеолярлы макрофагтар кіреді. 
Макрофагтар иммунндық реакцияларға қатысады, ескі сурфактантты 
ыдыратады.
Өкпе
сыртынан мезотелий мен БТДТ қабатынан тұратын плеврамен 
жабылып тұрады. Плевра
-
бұл кеуде қуысын (париетальды плевра) және 
өкпені (висцеральды плевра) жабатын серозды қабық. Висцеральды және 
париетальды плевраның беті дәнекер тінінің қабатында орналасқан 
мезотелиймен қапталған. Соңғысы борпылдақ дәнекер тінімен ұсынылған 


және құрамында коллаген және серпімді талшықтар, қан және лимфа 
тамырлары, жүйке талшықтары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет