Эпителий тіні сияқты , шеміршек тінінде де қан тамырлары болмайды .
Протеогликандардың жогары гидрофилділігі аркасында шеміршек
матриксінде су көп мөлшерде жиналады . Қалып тасқан жасушааралық (
тіндік ) сұйықтық арқылы қоректік заттар , оттек , иондар шеміршек
қабығының ( төменде қарастырылған ) қан тамырларынан диффузия
жолымен шеміршек тінінің жасушаларына өтеді Байланган судың көлемі
сонымен бірге шеміршек тінінің серпінділігін анықтайды . Болжам бойынша
, қарт адамдардың остеоартроздарының себептерінің бірі
-
шемір шек
матриксі протеогликандарының суды байлау қабілетінің төмендеуі .
Нәтижесінде буындардың шеміршек тінінің серпінділігі де төмендейді .
Шеміршек қабы екі қабаттан құралған: сыртқысы құрамында көптеген
қантамырлары бар талшықты дәнекер тінді; ішкісі хондробласттар мен
прехондроблаттардан құралған жасушалы. Шеміршек қабының астындағы
аралық қабатта ұзын осьтері шеміршек бетімен бағыттас ұршық тәрізді жас
хондроциттер орналасады. Төменгі қабаттарында шеміршек жасушалары
сопақша немесе дөңгелек пішінді болады. Бұл жасушалардың синтетикалық
және секреторлық қызметтері нашарлағандықтан, олар бөлінгеннен кейін
ажырамай, 2
-
4 хондроцииттерден тұратын изогенді топтар түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: