1-ші аралық бақылау сұрақтары



бет1/4
Дата02.04.2022
өлшемі25,04 Kb.
#29664
  1   2   3   4
Байланысты:
вирусология рубежка


1-ші аралық бақылау сұрақтары:

1.Микробиология мен вирусологияның мақсаты мен міндеттері

2.Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар

3. Микроб клеткасының құрылымы

4.Актиномицеттердің құрылымы мен тәжірибелік маңыздылығы

5.Зең саңырауқұлақтарының құрылымы мен тәжірибелік маңыздылығы

6. Микроб клеткасының тұрақсыз элементтерінің сипаттамасы (спора, капсула, жіпше, өсінді)

7. Микроорганизмдердің классификациясы мен таксономиясы.Түр, штамм, клон, культура, таза культура түсініктері

8.Ашытқылардың құрылымы мен тәжірибелік маңыздылығы

9. Микроорганизмдердің пайдалы және пайдасыз қасиеттері

10.Микроб клеткасының химиялық құрамы

11. Зең саңырауқұлақтары мен ашытқылардың көбею түрлері

12. Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері

13. Микроорганизмдерге химиялық заттардың әсері. Бактриостатикалық және бактериоцидтік әсер. Дезинфекция

14. Прокариоттардың морфологиясы. Көлемі мен өлшем бірлігі

15. Микроб клеткасының тұрақсыз элементтерін анықтау әдістері

16. Микроорганизмдердің тинкториальды қасиеттері. Грам әдісі бойынша бояу.

17. Циль-Нильсен әдісі бойынша бояудың әдісі мен мақсаты

18. Жасанды қоректік орталар мен қойылатын талаптар. Классификациясы.

19. Қоректік орталарды дайындау реті (ЕПА, ЕПС, ЕПЖ)

20. Аэроб және анаэроб микроорганизмдерді өсіру.

21. Микробтардың таза өсіндісін алу әдістері.

22. Стерилизация. Стерилизациялау әдістері

23. Автоклав және жұмыс істеу принціпі



  1.  Мақсаты: микроорганизмдердің және олардың қоршаған ортадағы
    рөлін, ішкі ұйымдастыру, микроорганизмдердің метаболизм, азық-түлік
    өнімдерінің микробиологиясын, атап айтқанда, ет және ет өнімдері,
    балық және балық өнімдерін микробиологиясын, осы өнімдерге
    қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды қалыптастыруды
    үйрету болып табылады; тамақ аурулары мен тағамдық улануды
    туғызатын патогенді микроорганизмдермен танысу, микробтық
    бүлінуге байланысты азық-түлік қауіпсіздігін мен тұтастығын сақтау
    маманының рөлін түсіндіру болып табылады.
    • Міндеттері: -микро-организмдер мен жұмыс істеу әдістерін білу;микроорганизмдердің барлық топтарының морфологиясымен таныстыру;
    -Микроорганизмдердің физиологиясы және биохимиясына түсінік беру,
    сондай-ақ олардың тіршілік ету қабілетіне қоршаған орта
    факторларының әсерлері туралы түсінік беру;
    • -Ет және балық өнімдерінің микробиология сын үйрету;
    -Зертханалық зерттеулерде микробиологиялық көрсеткіштерге
    байланысты тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау әдістерін үйрету.

  2. Бактерияларды табу, зерттеу XVII ғ. ұлғайтып көрсететін аспаптың шығуына байланысты дамыды. Ұсақ ағзаларды алғаш рет голландиялық Антон Левенгук (1632-1723) ашқан. Ол 150-270 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасап, сонымен қолына ілінген заттардың (тоқтау су, теңіз суының тамшысы, бұрыштың тұнбасы және т.б.) барлығын қараған. Бактерия жайлы алғашқы дерек 1683 жылы А. Левенгуктың Лондондағы Король қоғамына бактерияның мөлшерін, пішінін, қозғалысын сиппатап жібірген хатында баяндаған.

1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Олардың кейбір түрлерінің ауасыз ортада тіршілігін жалғастыратынан көрсетіп, микробиология ғылымының дамуына орасан зор үлес қосты

Микробиология тарихында римнің профессоры Афанасий Кир-хердің (1601 —1680) есімі де аталуы тиіс. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты кұрастырғаны мәлім. Әрине, бүл өте қарапайым аспап еді. Соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған ет, шарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі «құрттардың» кездесетінін байқады. Ол қанды қарап, одан түрлі клеткаларды көрді. Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын қарап, Кирхер одан ерекше «құртты» көрдім деп мәлімдеді. Осындай жабайы аспаппен, әрине ол микробты көруі мүмкін емес еді

Дегенмен бұл кезде микроорганизмдер жайында дәйекті материалдар жинала берді. Сондықтан бұл кезеңді біз микробиология дамуының морфологиялық кезеңі деп атауымызға болады.
Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский (1740—1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады.
Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеген болатын. Тереховский өз зерттеуінде ең алғашқы рет эксперименттік әдісті қолданды және микроорганизмдерді адамның күнделікті тұрмысында пайдалануға мүмкіндігі барлығын дәделдеді.

Микробиология ғылымының дамуында неміс оқымыстысы Роберт Қохтың (1843—1910) еңбектерінің зор маңызы болды.Ол туберкулез (өкпе ауруы), холера ауруларын қоздырушы микроорганизмдерді тауып, зерттеп, олармен күресудің нақты жолдарын көрсетті. 

17. Циль-Нильсен әдісі бойынша бояу. Циль-Нильсен әдісі бойынша туберкулез микобактериясын анықтау үшін 1 мл қақырықта кем дегенде 10-100 мың микобактериялар болу керек. Егер микобактериялар бұл саннан аз болса жалған нәтижелер пайда болады. Сүртінді дайындау үшін қақырықты Петри табағына құяды да, үшкір таяқшалармен 5-6 жерден іріңді түйірлер алып сүртінді дайындау үшін екі әйнекке салады. Бір препаратты эластикалық талшықтарды анықтау үшін қолданады. Екінші әйнектегі қақырық түйіршіктері үшінші әйнекпен ысқылайды, сөйтіп екі препарат пайда болады.

Бұл препараттардың біреуін Циль-Нильсен бойынша, ал екіншісін мысалы флюрохромды бояулармен бояйды, сөйтіп мүмкіндік болған жағдайда люминисцентті микроскоппен тексеру үшін қолданады.

Циль-Нильсен бояуы бойынша препаратқа карбонды фуксин құйып, бу пайда болғанша ысытады, сонан соң 5% күкірт қышқылының ерітіндісімен немесе 3% тұзды қышқылды алкогольмен түссіздендіреді, сөйтіп 0,25 % метиленді көк ерітіндісімен бояйды.

Боялған сүрітінділерді иммерсиялық жүйемен микроскопқа дайындайды. Бұл кезде туберкулез микобактериялары көк фонда қызыл түсті болып көрінеді. Кәдімгі микобактериялар жіңішке, тік болатын немесе шамалы майысқан дәнді таяқшалар түрінде болады.

18. Бактериялардың  ӛсуі  мен  кӛбеюі  үшін  қоректік  заттар  қажет:  оларға 

оттегі,  азот  кӛздері,  витаминдер,  минералдар  және  басқа  да  күрделі  және 

қарапайым  құрамды  қосындылар  жатады.  Медициналық  маңыздылығы  бар 

кӛптеген  бактериялар  гетерохемоорганотрофтар  болып  табылады.  Бұдан 

басқа,  бактериялардың  арасында  қоректік  ортаға  талғамсыздары  мен 

қосымша ӛсу факторлары қажетті талғамдылары кездеседі. 

Бактериологиялық  зертханаларда  микробтарды  ӛсіру  үшін  оларды 

сәйкесінше  қоректік  заттармен  қамтамасыз  ету  қажет.  Қоректік  заттары  бар 

субстраттар қоректік орта деп аталады.  



Қоректік орталарға қойылатын талаптар: 

1.  қоректік  ортаның  құрамында  барлық  қажетті  органогендер  болуы 

керек; 

2.  ортаның температурасы оптималды болу керек, рН 7,2-7,6; 

3.  тығыз қоректік орталарда жеткілікті мӛлшерде су болу қажет; 

4.  ылғалды, изотоникалық және токсигенді емес болуы керек;  

5.  қоректік орта стерилді болуы тиіс; 

6.  мүмкіндігінше мӛлдір болуы тиіс. 

Микробтарды ӛсірудің температуралық оптимумына қарай микрорганизмдердің үш негізгі тобын бӛледі: 

1.Психрофилдер -  +20 градустан тӛмен температурада ӛседі. 

2.Мезофилдер - + 20 до 45 градус аралығында ӛседі (оптимум-37С). 

3.Термофилдер - + 45 градустан жоғары температурада ӛседі. 



Қоректік орталардың жіктелуі: 

1.  Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды. 

2.  Құрамы бойынша: қарапайым және күрделі. 

3.  Тығыздығы  бойынша:  сұйық,  тығыз  (1,5-3%  агар)  және  жартылай 

сұйық (0,3-0,7% агар). 

Агар  –  теңіз  балдырларынан  алынатын  күрделі  құрамды  полисахарид, 

тығыз орталардың негізгі тығыздаушысы. Кӛміртегі мен азоттың кӛзі ретінде 

пептон қолданылады.  

4. Тағайындалуы бойынша бірнеше топтарға бӛледі: 

-  негізгі(қарапайым),  талғамсыз  микроорганизмдер  үшін  қажет(ЕПС, ЕПА); -  арнайы  –  негізгі  орталарда  ӛспейтін  микроорганизмдер  үшін  қажет 

(мыс:  Мак  –  Коя  ортасы  туляремия  үшін,  Левенштейн-  Иенсен  туберкулез үшін); 

-  дифференциалды-диагностикалық  –  ферменттілік  белсенділігі  мен 

дақылдық  қасиеттері  бойынша  микроорганизмдерді  ажырату  үшін  (Эндо, 

Плоскирев, Левин, Гисс орталары); 

селективті немесе элективті – микроорганизмдердің белгілі түрін бӛлу 

үшін және қосымша микробтардың ӛсуін басу үшін – пептонды су, селенитті 

орта, сарыуызды тұзды агар. 

-  жинақтау  орталары  –  белгілі  топтағы  бактерияларды  жинақтау  үшін 

қолданылатын сұйық орталар. 

-  дақылдарды  сақтауға  қажетті  орталар  –  микроорганизмдердің  таза дақылдарын зертхана жағдайында ұзақ уақыт сақтауға арналған орталар. Бұл орталарға қойылатын талаптар дақылдардың негізгі қасиеттерін ӛзгертпестен тіршілігін ұзақ сақтау болып табылады

4 сурак ответ: .   

Актиномицеттер (ескі атауы: сәулелі саңырауқұлақтар) – диаметрі 0,4-1,5 мкм-ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий құруға қабілеті бар бактериялар (кейбір ғалымдар актиномицеттердің бактериалды табиғатына байланысты саңырауқұлақтық мицелий аналогы – жіңішке жіпшелер деп атайды) тобы. Клетка қабырғасының типі бойынша Гр+ және ДНҚ құрамында ГЦ жұптарының мөлшері – 60-75%.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет