1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз



бет26/58
Дата22.09.2022
өлшемі127,79 Kb.
#39852
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Байланысты:
вет сан(1)

Ағзаларды тексеру. Өкпе - бауырды (жүрек, өкпе, бауыр, диафрагма-шымылдық ет), байланысқан түрінде, жігін жазбай суырып алады да, кеңірдектен ілмекке іледі. Көкірек куысындағы лимфа түйіндерін кесіп қарайды, өкпені сыртынан ұстап, қысып байқайды, сонан соң ұзынынан қиялап кеседі. Үлпершек пен эпикардты қарайды. Жүректің етін 2-3 жерден пышақпен тіліп цистицеркозға тексереді. Жүрек қуысын ашып қарайды, қанның бар жоғын анықтайды. Сонан соң бауыр лимфа түйіндерін кесіп қарайды. Бауырды қолға ұстап көреді, пышақпен кесіп ет жолын тексереді. Эхинококкоз немесе бітеу жара барлығына күдік туса оларды пышақпен кеседі. Көк бауыр да осылай байқаудан өтеді.
Көкірек қуысының ортаңғы лимфа түйіндері— 0,5-5см, жұтқыншақтан жоғары, қолқа доғасының оң жағындағы, көкірек қуысының алдыңғы және артқы лимфа түйіндерінің аралығында жатады. Лимфаны кеңірдек пен жұтыншақтың көкірек бөлімінен, өкпе мен плевраның орталық бөлімінен жинайды. Лимфаныкөкірек лимфа өзегіне береді.
Көкірек қуысының артқы лимфа түйіні — көкірек қуысының артқы жағында көкірек қолқа тамырының астында, жұтқыншақтың үстінде жатады. Ұзындығы 15-25 см, (қойда 6,0-9,0). Лимфаны өкпенің кейінгі бөлімінен, жұтқыншақтан, плевра мен диафрагмадан, бауыр мен көк бауырдың диафрагмаға жабысқан жерінен жинайды. Лимфа шығаратын өзектерді көкірек түйіндерінің өзектерімен қосады.
Көкірек қуысының үстіңгі лимфа түйіндері - қолқаның үстіңгі жағында омыртқалардың астында орналасқан, ұзындығы 1-3,5см. Лимфаны иық белдері мен омыраудан көкірек пен үлпершектен плевра мен диафрагмадан, бауыр мен көк бауырдан жинайды. Лимфаны көкірек өзегіне құяды.
Сол бронхтың лимфа түйіні - ұзындығы 2,5-3,5 см, қалың майдың арасындағы сол бронхтың түбінде, қолқаның көмкерілген жерінің астында орналасқан. Лимфаны жұтқыншақтан, өкпе лимфа түйіндерінен, жүректен және бронхтардан жинайды. Жиналған лимфа көкірек лимфа өзегіне немесе көкірек қуысының алдыңғы лимфа түйіндеріне ағады.
Оң бронхтың лимфа түйіні - ұзындығы 1-3см, кеңірдектің бронхыларға бөлінген жерінде жатады. Лимфаны өкпенің жиегінен, жұтқыншақтан, кеңірдектен және бронхтардың басталған жерінен жинайды. Лимфаны көкірек өзегіне құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет